3.Растау қызметі - басқа адамдармен қарым –қатынас барысында тұлға өзін тану мен нақтылауға өзінің құндылығын анықтау үшін басқа адамдардан тірек іздейді. Адам өзінің бар екендігін ,өз тұлғасының құндылығын басқа адамдар арқылы біледі.
4. Тұлғааралық қарым –қатынасты қолдау және ұйымдастыруқызметі. Басқа адамдарды қабылдау және олармен түрлі қарым – қатынас (интимдіден тұлғалыққа одан іскерлікке дейін орнату және түрлі жағымсыз және жағымды эмоционалды қарым – қатынас орнату әрбір адам үшін бағасыз нәрсе болып табылады. Заманауи адамдардың әлеуметтік байланыстары тек эмоциялық қатынастармен шектелмесе де эмоциялық қатынастар іскерлік, ұжымдық, рольдік қарым – қатынастарға өз әсерін тигізеді.