Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері


Бағалаудың әріптік эквиваленті



бет10/175
Дата27.10.2022
өлшемі2,12 Mb.
#155202
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   175
Байланысты:
ППЗәәдіснамасы

Бағалаудың әріптік эквиваленті

Бағалаудың сандық эквиваленті (GPA)

% көлеміндегі балл

Дәстүрлі бағалау жүйесі

A

4

95-100

" Өте жақсы "

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

" Жақсы "

B

3

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

" Қанағаттанарлық "

C

2

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1

50-54

F

-

0-49

" Қанағаттанарлықсыз "
(өткізілмейтін баға)

I

-

-

"Пән аяқталмаған"

W

-

-

"Пәннен бас тарту"

AW

-

-

"Пәннен шығарылған"

AU

-

-

"Пән тыңдалды"

P/NP (Pass / No Pass)

-

65-100/0-64

"Есепке алынды(зачтено)/еспке алынбады (не зачтено)"

Семестр барысында студенттің жұмысын бағалауда ескерілуі тиіс:

  • Сабаққа қатысуы;

  • практикалық сабақтарға белсенді және өнімді қатысуы;

  • негізгі және қосымша әдебиеттерді оқуы, қарастыруы;

  • СӨЖ орындауы;

  • барлық тапсырмаларды өз уақытында орындауы.

СӨЖ бойынша үш тапсырманы өз уақытында орындамағаны үшін AW бағасы қойылады.
Академиялық тәртіп пен әдеп саясаты

  • Толерантты болыңыз, басқалардың пікірін сыйлаңыз. Қарсылығыңызды сыпайы түрде жеткізіңіз. Плагиат және де басқа әділетсіздікке жол жоқ. СӨЖ жұмысын тапсыру, аралық бақылау, емтихан кезінде бір-біріне кеңес беру, көшіруге және басқа студент үшін емтихан тапсыруға да жол берілмейді. Интернет жүйесіне рұқсатсыз енген, ақпаратты бұрмалаған, шпаргалка қолданған студенттерге қортындысында «F» бағасы қойылады.



Көмек: Өзіндік тапсырмаларды (СӨЖ) орындау барысында, оны өткізуге байланысты туындаған сұрақтарға, сонымен қатар өтілген материалдар бойынша қосымша мәліметтер алу үшін оқытушының келісілген уақытына сәйкес кеңес ала аласыз.
Кафедра мәжілісінде_______________№_____хаттамасымен бекітлді.
Жалпы және этникалық педагогика
кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор А.К. Мынбаева
Оқытушы Ш. Т. Таубаева

«Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістері» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын және бақылау жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар.


1-СӨЖ: . «Психологиялық-педагогикалық зерттеудің теориялық негіздері. Психологиялық-педагогикалық факт, психологиялық-педагогикалық теория, психологиялық-педагогикалық заңдылық ғылыми білімнің формалары ретінде» тақырыбында тірек конспектісін жасаңыздар. Бұл тапсырманы орындау үшін Сіздер философия, педагогика және психология курстарынан білімдеріңізді жаңартуларыңыз керек. Сондай-ақ мына оқу құралдарынан жауап қарастырыңыз: 1) Таубаева Ш. Научно-педагогическое исследование: методология и методика. Учебное пособие. – Алматы, 2010. - 238 с.; 2) Борытко Н.М. Методология и методы психолого-педагогических исследований: учеб. пособие для студ.высш.учеб.заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2008.–320 с.; 3) Волков Б.С. Волкова Н.В. Методы исследований в психологии. М.: Пед общество Росии, 1999.-146 с.; 4) Андреев В.И. Педагогика высшей школы. Инновационно-прогностический курс:учебное пособие. – Казань: Центр инновационных технологий, 2008. – 500 с.
2-СӨЖ: Әлеуметтік педагогика саласындағы психологиялық-педагогикалық зерттеулердің немесе Өзіңіздің дипломдық жұмысыңыз саласында көкейкесті мәселелерінің тізімін құрастырыңыз. Аталмыш тізімді жасау үшін мына оқу құралындағы тізімдерді пайымдаңыз: Липский И.А. Социальная педагогика: Методологический анализ. Учебное пособие. . – М.: ТЦ СФЕРА, 2004. – 320 с. Сондай-ақ В.М. Полонскийдің (Словарь по образованию и педагогике/ В.М. Полонский. – М.: Высшая школа, 2004. – 512 с.) кітабындағы ғылыми зерттеудің өзектілігін анықтау өлшемдері мен әдістерін пайымдаңыздар.
3-СӨЖ: Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдістері жіктемесі бойынша схема сызыңыздар және Өз тұғырыңызды негіздеңіз. Бұл тапсырманы орындау мақсатында мына оқу құралын оқыңыз: 1) Борытко Н.М. Методология и методы психолого-педагогических исследований: учеб. пособие для студ.высш.учеб.заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2008.–320 с.; 2) Волков Б.С. Волкова Н.В. Методы исследований в психологии. М.: Пед общество Росии, 1999.-146 с.
4-СӨЖ: Өзіңіздің психологиялық-педагогикалық зерттеуіңіздің және Өзіңіздің дипломдық жұмысыңыздың ұғымдық-түсініктік аппаратын мазмұндаңыз және оны сөздік түрінде рәсімдеңіз. Сөздік жасау үшін дипломдық жұмысыңыздың кілтті өздерін табыңыз, педагогика саласындағы энциклопедиялардан, сөздіктерден олардың анықтамаларын іздестіріңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет