Пән: Конституциялық құқық Дәрістің қысқаша мазмұны Тақырып Конституциялық құқық ұлттық құқықтың жетекшi саласы


Тақырып 12. Конституциялық Кеңестің конституциялық-құқықтық мәртебесі - 12 апта, 1 сағат



бет38/45
Дата17.04.2022
өлшемі134,96 Kb.
#139680
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
Байланысты:
Конституциялық құқық. Дәрістер кешені
Сабақ 2 Косымша 3 Сәйкестендіру тапсырмалары
Тақырып 12. Конституциялық Кеңестің конституциялық-құқықтық мәртебесі - 12 апта, 1 сағат
Мақсаты: конституциялық қадағалау институтының тағайымын анықтап, оның даму өзгешелігін көрсету, Конституциялық Кеңестің мәртебесінің конституциялық-құқықтық реттелуіне талдау жасау
Негізгі терминдер: мемлекет, конституциялық қадағалау, конституция, конституцияның жоғарылығы, конституциялық қадағалау органдары, жалпы юрисдикциялық соттар, конституциялық соттар, квазисот органдары, конституциялық іс жүргізу, қосымша шешім
Жоспар:
1. Конституциялық қадағалаудың түсiнiгi.
2. ҚР Конституциялық Кеңесінiң мақсаты мен мiндеттерi.
3. ҚР Конституциялық Кеңесінің құрылуы
4. ҚР Конституциялық Кеңесінің өкілеттіктері.
5. ҚР Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң мәртебесi.

Билік тармақтарының қалыпты жұмыс істеуі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мызғымастығы, Конституцияның жоғарылығы мен сақталуы конституциялық қадағалау институты арқылы қамтамасыз етіледі деуге болады. Конституциялық қадағалау – бұл заңдар мен өзге актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеруді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жоғары деңгейде қорғауды, билікті бөлу қағидасын орындауды қамтамасыз ететін демократиялық институт. Басқаша айтқанда, конституциялық қадағалау – бұл әдетте конституциялық соттар немесе арнайы құрылған мемлекеттік орган жүзеге асыратын, заңдардың және өзге нормативтік құқықтық актілердің Конституция ережелеріне сәйкес келуін бақылау. Конституциялық қадағалау билік бөлінісі мен саяси және идеологиялық әр алуандылық орын алған және жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары кепілдендірілген құқықтық, демократиялық мемлекет үшін тән институт болып саналады. ҚР Конституциясына сәйкес Конституциялық Кеңес конституциялық қадағалауды жүзеге асырады. Конституциялық қадағалау органдарының тағайымы мемлекет пен қоғамның Негізгі заңын қорғауда болып табылады. Конституциялық қадағалау органдары конституциялық заңдылық демократияның және оның саяси мәдениетінің табиғи элементі болып табылуына жәрдем жасау үшін құрылған деп айтуға болады. Жалпы алғанда Конституцияны қорғау өзге мемлекеттік органдармен де жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ құқықтың басты қайнар көзі ретінде оның жоғарылығын қамтамасыз ету – конституциялық қадағалау органдарының айрықша құзыры болып табылады.


Конституциялық қадағалау доктринасын алғаш рет Джон Маршаллдың басшылығымен АҚШ Жоғары Соты қалыптастырып, қолданды. 1803 жылы АҚШ Жоғары Соты “Сот құрылысы туралы" заңның 13 бөлімін АҚШ Конституциясына қайшы келеді деп танып, оның қолданылуына тыйым салды. Бұл конституциялық қадағалау жүйесінің өмірде қалыптасуының алғашқы қадамы еді. Осылайша АҚШ Жоғары Соты конституциялық қадағалау органдарын қалыптастыру қажеттігіне бастамашылық жасады.
Конституциялық бақылаудың жүйесі туралы айтсақ, қазіргі жағдайда конституцияны қорғауды жүзеге асыратын органдардың үш үлгісін көрсетуге болады:
біріншісі – конституциялық қадағалауды жалпы юрисдикциялық соттардың жүзеге асыруы – соңғы инстанциясы Жоғарғы Сот болып табылады; екіншісі – еуропалық үлгі - арнайы құрылған сот органдары жүзеге асырады (конституциялық соттар); үшіншісі – сот жүйесіне жатпайтын Конституциялық Кеңестер, бұл органдарды “квазисот” органдары деп те атайды.
Жалпы соттар жүзеге асыратын конституциялық қадағалау негізінен англосаксондық құқық елдерінде тараған – АҚШ, Дания, Австралия, Бразилия т.б. (Ұлыбританияның өзі бұған кірмейді деп есептеледі). Мысалы, АҚШ Конституциясының 1 тарауының 3 бабына сәйкес сот билігі Жоғарғы Сотқа және төменгі соттарға берілген. АҚШ соты қылмыстық немесе азаматтық істі қарап жатқан кезде кез-келген тарап оған процесте қолданылудағы заңның конституциялық еместігі туралы арыздануы мүмкін. Бұл жағдайда негізгі процесс тоқтатылуы немесе кейінгі қалдырылып, басқа мәселе – яғни заңның конституцияға сәйкес еместігі туралы іс басталуы мүмкін.
Континенталдық Еуропа мемлекеттерінің бірқатарында конституциялық қадағалауды арнайы құрылған Конституциялық соттар. Конституциялық соттар сот билігі жүйесіне жатқызылғанымен, өзге соттар секілді қылмыстық және азаматтық істерді қарамайды. Мұндай елдерге Испания, Австрия, Германия, т.б. елдер жатады.
Конституциялық қадағалаудың үшінші үлгісі - бұл сот органдарына кірмейтін арнайы құрылған органдармен жүзеге асырылатын қадағалау. Жоғарыда оларды “квазисот” органдары деп атадық. Мұндай органның классикалық үлгісі болып Франция табылады. Қазақстан Республикасы да осындай үлгідегі елдердің қатарына жатады.
1995 жылғы ҚР Конституциясы Конституциялық Соттың орнына Конституциялық Кеңесті құрды. Ол бұрыңғыдай республика Конституциясын қорғау жөніндегі сот билігінің жоғары органы емес, ешбір билік тармағына кірмейтін, мүшелері тәуелсіз қызмет ететін конституциялық қадағалау органы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi жетi мүшеден тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады. Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестiң мүшелерi болып табылады.
Конституциялық Кеңестiң Төрағасын және екі мүшесін Республиканың Президентi тағайындайды, қалғандарын екі-екі мүшеден тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды. Конституциялық Кеңесті құру тәртібіне 2007 жылы 21 мамырда өзгертулер енгізілді. Ол уақытқа дейін Конституциялық Кеңестің мүшелерін (екі-екіден төртеуін) Сенат пен Мәжіліс емес, олардың төрағалары тағайындап келді. Төрағадан басқа Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады.
Конституциялық Кеңеске мүше болу үшін келесідей талаптар қойылады:

  • отыз жасқа толуы,

  • Республика аумағында тұруы,

  • жоғары заң бiлiмiнің болуы,

  • заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажының болуы,

  • Республика азаматы болуы

Бұл талаптар Республиканың экс-Президенттерiне қолданылмайды.
Конституциялық Кеңестiң мүшелерi өз мiндеттерiн орындау кезiнде тәуелсiз болады және тек Конституция мен Конституциялық Кеңес туралы заңға ғана бағынады. Олардың қызметiне қандай болса да араласуға, сондай-ақ оларға қандай түрде болса да қысым жасауға немесе басқадай ықпал етуге жол берiлмейдi және бұл заң бойынша жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
Конституциялық Кеңес туралы заңда Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидалары анықталған:
1. Конституциялық Кеңестің дербестігі және тәуелсіздігі (1 бап 1)-т.)
2. Конституциялық Кеңестің айрықша құзыреттілігі(1 бап 2)-т.)
3. Конституциялық Кеңес мүшелерінің тәуелсіздігі (11 бап)
4. Конституциялық Кеңес мүшелерiне ешкiмнiң тиiспеуi (12 бап)
5. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерi құқықтарының теңдiгi (13 бап)
Конституцияда Конституциялық Кеңестің өкілеттіктерінің және оған жолдануға құқылы тұлғалардың шегі анықталған. Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша:
1) дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді;
2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды.
3) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;
4) Республиканың халықаралық шарттарын бекiткенге дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды;
5) Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi;
6) Парламент тиiсiнше республика Президентiн мерзiмiнен бұрын қызметiнен босату туралы шешiм, Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдағанға дейiн - белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталуы туралы қорытынды бередi,
7) Конституциялық Кеңес Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда – Республика Президентінің өтiнiштерiн, сондай-ақ Конституцияның 78-бабында белгiленген жағдайларда соттардың өтiнiштерiн қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет