Пән: Конституциялық құқық Дәрістің қысқаша мазмұны Тақырып Конституциялық құқық ұлттық құқықтың жетекшi саласы


Тақырып 13. Конституциялық өндіріс - 13 апта, 1 сағат



бет40/45
Дата17.04.2022
өлшемі134,96 Kb.
#139680
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Конституциялық құқық. Дәрістер кешені
Сабақ 2 Косымша 3 Сәйкестендіру тапсырмалары
Тақырып 13. Конституциялық өндіріс - 13 апта, 1 сағат
Мақсаты: Конституциялық Кеңесте конституциялық іс жүргізудің реттелуіне, конституциялық іс жүргізу практикасына талдау жасап, оның сатыларын ашып қарастыру
Негізгі терминдер: мемлекет, конституциялық қадағалау, конституция, конституцияның жоғарылығы, конституциялық өндіріс (іс жүргізу), қорытынды шешім, қосымша шешім, нормативтiк қаулы, қорытынды жолдау, түсiндiрме
Жоспар:
1. Конституциялық өндіріс (іс жүргізу) түсінігі
2. Конституциялық өндірістің сатылары.
3. Конституциялық Кеңестiң актiлерi. Олардың құқықтық табиғаты.
4. Конституциялық қадағалау институтына қатысты жүргізілген конституциялық реформалар

Алдыңғы лекцияда қарастырып кеткеніміздей, Конституциялық Кеңестің өкілеттіктеріне бірқатар мәселелер жатқызылған. Конституциялық Кеңес ол мәселелерді конституциялық іс жүргізу тәртібімен қарайды. Конституциялық іс жүргізу тәртібіне тоқталмас бұрын, Конституциялық Кеңестің өкілеттіктерін ашып қарастырсақ, олар:


1) дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді;
2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды.
3) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;
4) Республиканың халықаралық шарттарын бекiткенге дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды;
5) Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi;
6) Парламент тиiсiнше республика Президентiн мерзiмiнен бұрын қызметiнен босату туралы шешiм, Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдағанға дейiн - белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталуы туралы қорытынды бередi,
7) Конституциялық Кеңес Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда – Республика Президентінің өтiнiштерiн, сондай-ақ Конституцияның 78-бабында белгiленген жағдайларда соттардың өтiнiштерiн қарайды.
Конституциялық қадағалау конституциялық өндіріс (іс жүргізу) арқылы жүзеге асырылады. Конституциялық Кеңесте іс қараудың тәртібімен танысып оларды бірнеше сатыға бөлуге болады. Конституциялық өндіріс (іс жүргізу) сатылары:
1. Конституциялық Кеңеске өтініш беру. Конституциялық Кеңеске өтініш беріп жолдануға құқылы субъектілердің қатарына келесілер жатады: Республика Президентi, Сенат Төрағасы, Мәжiлiс Төрағасы, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгi, Премьер-Министр және тек бір ғана жағдайда соттар.
2. Өтінішті қарауға қабылдау және қарау. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы келiп түскен өтiнiштi Конституциялық Кеңестiң қарауына енгiзедi, оның отырысы ол келiп түскен күннен бастап үш күн мерзiмде өткiзiледi. Конституциялық Кеңес өтiнiштi тексерiп, егер
1) өтiнiш осы Конституциялық заңда белгiленген өтiнiш нысаны мен мазмұнына сәйкес келмесе немесе тиiстi субъектiден туындамаса;
2) өтiнiштiң мәнi Конституциялық Кеңестiң құзыретiне жатпаса;
3) өтiнiште көрсетiлген мәселенiң конституциялылығын Конституциялық Кеңес бұрын тексерiп қойған болса және Конституциялық Кеңестiң заңды күшiн сақтайтын шешiмi бар болса;
4) өтiнiште көрсетiлген мәселе Конституцияда шешiмiн таппаса;
5) конституциялығы талас тудырып отырған акт тоқтатылған немесе күшiн жойған болса, өтiнiштi iс жүргiзуге қабылдаудан бас тартып, оны қайтарып бередi.
3. Конституциялық Кеңестің іс бойынша қорытынды шешім шығаруы және шешімнің күшiне енуi. Конституциялық Кеңес iс жүргiзуге қабылданған өтiнiштi қарап, өтiнiш келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде ол жөнiнде қорытынды шешiм шығарады. Егер мәселенi кейiнге қалдыруға болмаса, Республика Президентiнiң жазбаша нысанда жасаған талабы бойынша бұл мерзiм он күнге дейiн қысқартылуы мүмкiн. Конституциялық Кеңес өтінішті қарау нәтижесі бойынша шешімдер шығаруы мүмкін немесе конституциялық iс жүргiзудi тоқтатуы мүмкін. Конституциялық iс жүргiзу кез келген сатыда, бiрақ қорытынды шешiм шығарылғанға дейiн мынадай реттерде тоқтатылады:
1) субъект өзi мәлiмдеген өтiнiштен бас тартса;
2) конституциялылығы талас тудыратын актiлер күшiн жойса немесе заңдық күшiн жойса;
3) мәлiмделген өтiнiш Конституциялық Кеңестiң қарауына жатпаса.
Конституциялық Кеңес шешiмдердi алқалы түрде қабылдайды. Егер шешiм қабылдау кезiнде Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң дауыстары тепе-тең бөлiнген болса, Конституциялық Кеңес Төрағасының даусы шешушi дауыс болып табылады, ол барлық жағдайларда өз даусын ең соңында бередi. Конституциялық Кеңес Төрағасының орнын оның уәкiлдiк беруi бойынша Конституциялық Кеңестiң тиiстi мүшесi ауыстырған жағдайда бұл ереже қолданылмайды. Бұл жағдайда Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе бастапқы дауыс беруге қатыспаған мүшесiнiң қатысуымен қайтадан дауыс беру өткiзiледi. Конституциялық Кеңестiң мәжiлiсi кезiнде оның отырысқа қатысқан мүшелерiнiң ешқайсысының да қалыс қалуға немесе дауыс беруге қатыспауға хақы жоқ.
Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi мынадай нысанда қабылданады:
- қаулылар, соның iшiнде нормативтiк қаулылар;
- қорытындылар;
- жолдаулар.
Конституциялық Кеңестің алғашқы шешімі шығарылғаннан кейін белгілі бір жағдайларда қосымша шешім шығарылуы мүмкін. Нақтырақ айтсақ, Конституциялық Кеңес өз бастамасы бойынша, конституциялық iс жүргiзуге қатысушылардың өтiнiшi бойынша не шешiмдi орындауға мiндеттi мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың өтiнiшi бойынша, егер:
1) Конституциялық Кеңестiң шешiмдерiне түсiндiрмелер беру туралы мәселе қойылса;
2) Конституциялық Кеңестiң шешiмiнде жiберiлген редакциялық сипаттағы дәлсiздiктер мен қателердi түзету қажет болса, қосымша шешiм қабылдайды.
Қосымша шешiм Конституциялық Кеңес шешiмiнiң шынайы мазмұнына, мағынасы мен мақсатына қайшы келмеуге тиiс.
Сонымен қатар, Конституциялық Кеңес өзінің алғашқы шешiмiн қайта қарауы мүмкін.Конституциялық Кеңестiң шешiмiн ол өз бастамасы бойынша мына жағдайларда, егер Конституциялық Кеңес:
1) қабылданған шешiмге негiз болған Конституция нормасы өзгердi деп;
2) Шешiм қабылданған сәтте Конституциялық Кеңеске белгiсiз болған, өтiнiштiң мәнi үшiн жаңа елеулi нәрселер ашылды деп тапса, қайта қарауы мүмкiн.
Заңнамаға сәйкес Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмi ол қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және шағым жасауға жатпайды. Бірақ, заңнама бірмезетте Конституциялық Кеңестің шешіміне Президенттің қарсылық білдіруі мүмкіндігін де бекітеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет