ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бейіндік мектепте пәнаралық байланысты жүзеге асыру» «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет34/46
Дата11.09.2017
өлшемі4,83 Mb.
#32036
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46

т/к -?




Жауабы:


Әрбір жаңа тарау басталғанда оқушылар меңгеруге тиіс білім элементтері алдын-ала жасалып, физика кабинетіне ілініп қойса, онда оқушылардың барлық білім элементтерін меңгеруге міндетті екендіктерін сезінеді, жауапкершіліктері артады.

Оқу материалы біршама тиянақталған кезде өздік жұмыс орындалады. Өздік жұмыс бірнеше нұсқадан тұруы мүмкін. Ол шамамен 15 минутқа есептеледі. Мөлшерлі уақыт өткен соң экранға компьютер немесе кодоскоп арқылы үлгі жауап түсіріледі.

Оқушылардың физикадан тақырып бойынша алған теориялық білімін есеп шығаруға қолдана білу дағдысының қандай дәрежеде қалыптасқандығын анықтау үшін тақырыпшадан кейін қысқа мерзімді бақылау жұмысы жүргізіледі. Ал тақырып толық оқылған соң, қорытынды бақылау жұмысы өткізіледі. Оның мазмұны тақырыптағы негізгі материалдарды қамтып, оқушы білімін үш деңгейде тексеруге мүмкіндік беретіндей етіп құрастырылады.

Мысал келтірейік.

Бақылау жұмысының үлгісі.

1. Молекулалық-кинетикалық теорияны негізге алып, зат күйлерінің құрылысындағы айырмашылықтарды түсіндір.

2. Таудан сырғанап түскен шаңғышы біраз уақытқа дейін жазық жерде қозғалып бара жатты:

а) не себепті шаңғышы тау етегінде тоқтап қалмай, горизонталь беттегі қозғалысын жалғастырды?

ә) не себепті, әйтеуір бір кезде шаңғышы тоқтайды?

б) егер шаңғышы мен қар арасында үйкеліс күші және қозғалысқа әсер етуші басқа да күштер болмаса, таудан сырғанаған шаңғышы қайтер еді?

3. Еденде жатқан кірпіш еденге 700 Па қысым түсіреді. Еденмен жанасып жатқан кірпіштің бетінің ауданы 0,03 м2. Кірпіш еденге қандай күшпен әсер ететінін анықтаңдар.

4. Бала орындықты орнынан көтермей қабырғаға 0,5 аралыққа жылжытып апарды. Ол орындықты горизонталь бағытта 100 Н күшпен итереді. Баланың істеген жұмысын есептеп табыңдар.

Бақылау жұмысының нәтижелері білім элементтері бойынша 4-кестеде келтірілген үлгіде талданады.

Кесте 3.


Бақылау жұмысының нәтижелерінің білім элементтері бойынша талдануы


Рет №

Білім элементтері

Оқушының журналдағы рет нөмірі

1 2 3 .... 20



1.1

Заттың агрегат күйлері:

а) газ


ә) сұйық

б) қатты

Y I I … Y

I I I …. V

I I I …. V


1.2

Заттың агрегат күйлеріндегі айырмашылықтар молекулалардың

а) орналасуы

ә)өзара әсерлесуі

б) қозғалыс сипаттары арқылы түсіндіріледі



O I I … V

O I I …V

O I I … V



2.1

Мынадай жауаптар берілген:

а) шаңғышы инерция әсерінен қозғалысын жалғастырды


I O O .. I



2.2

ә) шаңғышы үйкеліс күшінің әсерінен тоқтайды

I I I .. V

2.3

б) қозғалысқа кедергі келтіретін басқа күштер болмаса, шаңғышы түзу сызықты бірқалыпты қозғалар еді

O O O .. V

3.1

Формула жазылған:



O I O … V

3.2

Күштің сан мәні алынған:



O I I … V

4.1

Формула жазылған:



O I I … V

4.2

Жұмыстың сан мәні алынған:



V I O … O

Мұғалім жинап алған жұмыстарды балалардың сынып журналындағы ретімен нөмірлеп, оларды нұсқаларға бөледі де, әр жұмысты сызбадағы білім элементтері бойынша тексереді. Сәйкес нөмірдегі тор көзде дұрыс жауап «I», қате жауап «V» таңбасымен белгіленеді, ал жауап берілмесе, онда «O» қойылады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

1.Өздік жұмсты ұйымдастыру тәсілдерін атаңыз.

2.Өздік жұмыстарды ұйымдастырудың қандай жолдарын көрсетуге болады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет