ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ СТЕХИОМЕТРИЯЛЫҚ ЗАҢДАРЫ.
(молекулалық құрылымы бар заттар үшін қолданылады)
Заттар массасының сақталу заңы.
(1748 г, М.В. Ломоносов):
Реакцияға қатысқан заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең болады.
Құрам тұрақтылық заңы.
(1808 г., Ж. Пруст):
Кез келген күрделі заттың алынуы әдісіне қарамастан сапалық және сандық құрамы тұрақты болады.
Еселік қатынас заңы.
(1803 г., Дж. Дальтон):
Егер екі элемент бір-бірімен бірнеше химиялық қосылыс түзсе, басқа элементтің белгілі бір массасына сәйкес келетін осы элементтің массаларының бір-біріне қатынасы бүтін нақты санның қатынасындай болады.
Эквиваленттер заңы.
(1793 г., В.Рихтер):
Заттар бір-бірімен эквиваленттеріне пропорционал мөлшерде әрекеттеседі.
Көлемдік қатынас заңы.
(1805 г., Ж. Гей-Люссак):
Реакцияға кіріскен газдардың көлемдері бір-біріне және реакция нәтижесінде түзілген газдардың көлемдеріне қатынасы кішкене бүтін сандар қатынасындай болады.
Авогадро заңы.
(1811 г., А.Авогадро):
Кез келген газдың тең көлемінде бірдей жағдайда молекула саны бірдей болады.
1 салдары:
Кез келген газдың 1 молі қалыпты жағдайда 22,4 л – ге тең көлем алады (қ.ж. р0 = 101,3 кПа, Т0 = 273 К). Бұл көлем газдың молярлық көлемі деп аталады.
2 салдары:
Газдардың бірдей көлемдерінің массаларының қатынасы олардың молярлық массаларының қатынасына тең.
3 салдары:
Бір газдың белгілі көлемінің массасының басқа газдың сондай көлемінің массасына (сондай жағдайда алынған) қатынасы бірінші газдың екінші газ бойынша тығыздығы деп аталады.
МОЛЕКУЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТОМДЫҚ МАССАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ
А) Молекулярлық массаларды анықтау әдістері:
1. Кез келген екі газдың бірдей көлемдерінде молекулалар саны бірдей болады, сондықтан газдардың салыстырмалы тығыздығын анықтауға болады.
D – салыстырмалы тығыздық
D=, бұдан M1=M2*D
Көбінесе газдардың салыстырмалы тығыздығын ең жеңіл газ сутек арқылы немесе ауа арқылы анықтайды. Олай болса молекулалық масса мына формулалар бойынша анықталады:
2. Менделеев-Клапейрон теңдеуі бойынша:
3. Газдың молярлық көлемі бойынша: 1 моль газ 22,4 л көлем алады:
; ;
Б) Атомдық массаларды анықтау:
1. Авогадро әдісі.
2. Канницаро әдісі.
3. Дюлонг-Пти ережесі.
Достарыңызбен бөлісу: |