21
ажырата алуға көмектеседі. Оқудағы қиындықтың алдын алу дереу оқытуды
түзету арқылы іске асырылады, өзіне, өз күшіне сену, қабілеттеріне және оқуға
деген оңтайлы көзқарас табысқа деген ұмтылыспен іске асады. Мұғалім
мақсатына сай сабағын жоспарлап, әр мақсаттың маңызын түсініп оқушының
оқуы үшін іс –әрекетін алға жылжуын бақылай алады, оқу үрдісіне әр баланың
ерекшелігін ескере отырып түзетіп, ынталандыра отырып кері байланыс жасай
алады. Елде белгілі бір сыныпты бітіргенде баланың білім деңгейін тексерудің
бірыңғай жүйесі қарастырылмаған. Арнайы таңдау экономикалық, аймақтық,
әлеуметтік және жыныстық критерийлер бойынша жүргізіледі. Осыған
қарамастан екі немесе үш есе көп мектептер сапаны ерікті бағалауға қатысады.
Жыл сайын математика, ана тілі және әдебиетті бағалау ауысып келіп отырады.
Бес жыл сайын әр пән бойынша сапа тексеріліп отырады. Мектептерге рейтинг
жасалмайды, әрбір мектептің сапасы жарияланбайды, өздеріне ғана айтылады.
Тек мектептердің орташа сапасы ғана жарияланады. Мектептерге сапаны
тексеру туралы нақты нұсқау беріледі, осыған орай әр мұғалім кері байланыс
береді. Оқыту қорытындысының мақсаты теңқұқылы білім принципіне
негізделген, оқу жетістігі біркелкіліке тең, мектептің негізгі сатысының
қорытынды кезеңінде барлығы бірдей жоғарғы деңгейге жету керек деген
талап қойылады.
Финляндияның білім жүйесінің біздің елмен ұқсастығы – білім алудың
балабақшадан басталатындығы, оқушыға, мұғалімге және мектепке сенім деген
принциппен жұмыс істейтіндігі. Сонымен қатар, елдегі білім беру мазмұны
оқушының табысқа жетуіне бағытталған және олар бағалаудың әр түрлі
әдістерін пайдаланады. Бұл елдің мектептері статусқа бөлінбейді, барлық
балаға нәтижеге бағытталған білім мен тәрбие бірдей беріледі. Сингапур,
Жапон, Финлиядияның білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында жүргізілген
реформаларын зерттей келе елімізде білім жүйесін дамытуға байланысты
белгілі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
2009 жылғы PISA зерттеуі негізгі мектеп оқушыларының оқудағы
функционалдық біліктерін бағалауға бағытталды, математикалық және
жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы төменірек дәрежеде бағаланды. Ал енді,
Достарыңызбен бөлісу: