Pisa, timss зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту



Pdf көрінісі
бет19/77
Дата07.02.2022
өлшемі1,55 Mb.
#82184
түріМетодическое пособие
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   77
Байланысты:
Пиза

Америкалық 
мектепте функционалдық сауаттылыққа оқытуда оқушы ерте 
балалық шақтан бастап сөйлемнің ғана емес, тұтас шығарманың құрылымын 
меңгереді. Кез келген пән бойынша орта мектептегі шығарма (essay) тек 
кіріспе, талқылау және қорытындыдан ғана тұрмайды. Ондағы әр сөйлемнің 
орны, арналуы және көлемі бірнеше рет практикалық қайталаудан соң 
айқындалады және бекітіледі. Жоғары мектепте шығармашылық жазу 
сабағында (осындай таңдау пәні бар) балалар күніне бір беттен еркін мәтіндер 
немесе апта сайын бір әңгіме жазады.
SAT – бұл «сын тұрғысынан оқу» (critical reading), оқушылардың мәтінді 
талдау, көбінесе түрлі авторлардың ұқсас тақырыпқа жазған екі мәтінін 
салыстыру қабілеттерінен тұрады; жазу (writing) – ойды жеткізудің тиімді 
құралдарын таңдау білігі, жеке алғанда, 25 минут аралығында кіріспе және 
қорытындымен бірге бес параграфқа шығарма жазу; математика негіздері. Төрт 
мүмкін нұсқадан таңдалған бір тапсырмадан бөлек, SAT-та еркін формадағы 
жауапты талап ететін тапсырмалар да бар, ал тапсырмалардың күрделілігі әр 
түрлі. Ол 3 сағат 45 минутқа созылады, және уақыт үнемі жеткілікті бола 
бермейді.
Мектепте шығатын журналдардың беттерінде оқушылардың үй 
тапсырмаларынан берілген әдеби шығармалары және суреттері басылады. 
Мектеп кітапханасы бірнеше ғылыми басылымды қосқанда, 140 журнал 


25 
жазғызып алады. Холлдар мен дәліздерде мектеп оқушылары еңбектерінің 
көрмесі бірін бірі алмастырады, мектеп оркестрлерінің концерттері, басқа 
қалашықтармен өткізілетін спорттық сайыстар көпшілікке танымал, бірақ 
жылдың ең басты оқиғасы – мюзикл қойылымына мектептегілердің барлығы 
дерлік жиналады, тіпті мұғалімдер мен оқушылар арасында өтетін баскетбол 
матчы да осынша көрермен жинамайды [11].
Америка Құрама Штаттарының әрбір ірі мектебінде ата-аналар мен 
ұстаздар қауымдастығының жалпыхалықтық филиалының жұмысы назар 
аударарлық. Ата-аналар – мектеп реформаларының белсенді қатысушылары. 
Кей мектептерде ата-аналар комитетінің пікірі оқу процесін ұйымдастыруда, 
тіпті бағдарламалар мен әдістерді таңдауда басым рөл атқарады [11]. 
Шетелдердің тәжірибесі көрсеткендей, бүгінгі таңда тұлға, отбасы, білім 
беру мекемесі мен қоғамның іс-әрекеті – ғаламдық, жалпыәлемдік проблема 
болып отыр. Отбасы рөлінің төмендеуі және кей жағдайларда оның өз қызметін 
орындауының объективті түрде мүмкін болмауы – даусыз мәселе. Қазіргі 
отбасы бала дамуы мен тәрбиесі бойынша барлық салмақты өзіне алуға даяр 
емес. Қалыптасқан дәстүр бойынша, педагог отбасы тәрбиесіне жетекшілік, 
басшылық жасауы, өз тәрбиеленушісіне және оның ата-анасына қоғам атынан 
талап қоюы тиіс болды [12]. 
Бүгінгі ахуал педагог алдына көрсетілген көзқарастарды қайта қарау 
қажеттілігін қойып отыр. Педагогтар, тәрбиешілер мен ата-аналар баланың 
әлеуметтену процесінің біртұтас аясында серіктестер ретінде қарастырылуы 
тиіс.
Отбасы саласындағы мемлекеттік саясат тікелей отбасымен жұмыс 
жасайтын мамандарға сүйенуі қажет, қазіргі таңда оларға деген қажеттілік өте 
жоғары. Сол себепті, әр тәрбиеші, педагог өзінде бар кәсіби білімі мен 
педагогикалық тәжірибесіне сәйкес ата-анаға баланың дамуы мен тәрбиесіне, 
олардың әлеуметтік-мәдени бейімделуіне көмек көрсетуге міндетті. Бұл 
педагогтың отбасымен тиімді ынтымақтасуына дайындалу сапасын көтеруді 
талап етеді. 
Отбасы мен білім беру мекемесінің серіктестік пен өзара көмек 
тұрғысынан басымдық бағыттардағы баланың әлеуметтену процесінде тиімді 
ынтымақтасуына көңіл бөлу маңызды. Отбасы мен отбасылық тәрбие моделінің 
әлеуметтік-психологиялық диагностикасы қажет.
Отбасы проблемасының, оның әлеуметтік-мәдени рөлінің пилоттық 
талдауы бұл институт әлеуметтік құндылық болып есептелінетінін көрсетті, ол 
бала дамуы, оның өздік өмірге, кәсіби бағдарлануға дайындалуы үшін жағдай 
тудыруы керек. Мысалы, отбасы және мектептің өзара іс-әрекетінде
 
әлемнің 
көптеген елдерінің білім беру мекемелерінде құрамына ата-аналар кіретін ата-
аналар комитеті немесе мектеп кеңестері бар. Бірақ бұл органдардың 
құрамында негізінен, тұрмысы жақсы оқушылардың ата-аналары болады. Қиын 
балалардың ата-аналары мектеппен тұрақты байланыс жасамайды.
Шет мемлекеттер оқушыларының функционалдық сауаттылығын 
қалыптастыру бойынша отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі түрлі 
бағыттарда жүзеге асырылады: 


26 
– ата-ананың педагогикалық мәдениетін (педагогикалық жалпыға міндетті 
оқу, ата-аналар үшін лекторийлер, педагогикалық оқулар және т.б.) көтеру 
есебінен бала тәрбиесін оңтайландыру; 
– ата-аналарды ішінара оқу-тәрбие процесіне (мектептің және сыныптың 
ата-аналар комитеті) қатынастыру; 

өзара іс-әрекетке қатысушылардың ерекше мүмкіндіктерін жүзеге асыру 
үшін қолайлы жағдайлар (демалысты ұйымдастыру, кәсіптік бағдарлық 
кеңестер, факультативтік сабақтар, спорттық туристік-өлкетанулық қызметтер 
және т.б.) жасалғандағы өзара серіктестік іс-әрекет. 
Жапон елінің білім жүйесі ерекше көңіл аудартады. Жапон елінде балалар 
қиындықтарды өздері шешеді. Олардың бар қиындықтары оқуда ғана, 
сондықтан олар емтихан тапсыру арқылы өзінің орнын анықтайды. Егер жақсы 
білім алса, мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқуын жалғастырып, 
мемлекеттік қызметке орналаса алады. Оқу деңгейі төмендеу болса, жеке 
меншік қымбат оқуға түсуге мүмкіндігі ғана болады және оны тамамдаған 
мамандарды жұмысқа алмайды. Сонымен олардың қоғамда бөлінуі бала 
кезінде емтихандардан өтуіне байланысты, бәсекелестік ерте жастан басталады. 
Білім берудегі тәрбие мен оқудың негізгі саясаты-ерекше ойлайтын, 
шығармашыл, жан дүниесі бай тұлға тәрбиелеу. Барлық білім бөлімдерінің 
мақсаты – өскелең ұрпағына дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын үйрету. Ол 
елде мектепке дейінгі білімге көп көңіл бөлінеді, кіші жастағы балаларда 
қарым-қатынас дағдысы қалыптасады, ұжымдыққа баулитын құндылықтар өте 
маңызды. Балаларға отбасының тәрбиесі өте маңызды, өмірінің мәні 
балалардың тәрбиелі болуына байланысты екенін айтады. Кіші және орта 
буындарда топтық тәртіппен оқытылады, топ құрамы іс-әрекетінің тиімділігіне 
сәйкес 7-8 баладан тұрады. Әңгімелеуші құрбысына қалай қарау оның пікірін 
тыңдай білу, өзін көрсету дағдыларын қалыптастырады. Мұғалімдер мен 
балалар тапсырмаларды бағалау кезінде тәртібі мен басқа мәселелер туралы 
сұрақтар туындаса, жеке оқушыға емес, топқа байланысты, ол жүйе 
алшақтатудың, кикілжіңді болдырмай, балалардың денсаулығын сақтауға 
ықпал етеді. Соробон құралы пайдаланылады, ол шығармашылық қабілетін 
арттырып, ойша есептеуге ықпал етеді.
Жапон мектептерінде дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді: кез келген 
оқушы үстел тенисі, әскери қимыл әрекеттерін, жеңіл атлетика негіздерін 
игереді. Мектепте білім алу мерзімі 12 жыл, ана тілінің қиындығына 
байланысты оның жартысы бастауыш. Ағарту министрлігімен бекітілген 
бастауыш сыныпта минимум 1850 иероглиф меңгерілуі тиіс. Кітап оқу үшін 3 
мыңнан артық білу керек. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мектептен кейін 
міндетті емес «шеберлік» мектебінде дайындыққа қатыса алады. Кіші және 
орта буында барлық бағдарламалар арқылы күнделікті өмірде өзін бақылай 
білуге, адамдарға, жануарларға, табиғатқа қамқорлықпен қарауға, әдемілікті 
сезінуге, қоғамның дамуына өз үлесін қосуға бағыттайды,білім білік дағдысына 
аз көңіл бөлінеді. Жоғары сыныптарында жоғарғы оқуға түсуге дайындайды. 
Қоғамда адам еңбекпен тәрбиеленген, тек іскер қабілетімен ғана бағаланады. 
Жапон халқының тағы бір ерекшелігі қыз бала үшін негізгісі қызмет емес, ана 


27 
болу деп қарайды да, ер балаларға ерекше қатал талаптар қойылады. 
Халықарлық математикалық сайыстардан жүлделі орындарды иеленеді [15]. 
Жапон елінде оқу-тәрбие үрдісі оқушылардың рухы мықты болуына 
бағытталталған және әр бала міндетті спорт түрлерін игеруі, олардың салауатты 
өмір салтына бейімделуі мектеп жасынан басталады екен. Білім алуында 
иероглифтары өте көп, сонымен қатар білімді игеруде қиын, көбінесе жаттанды 
білімге көп көңіл бөлінетіні байқалды. Аналары ер балаларды оқытуда аса 
басымдылық, қаталдық көрсетеді екен. Ұқсастығы: Жапон елі де біздегідей қыз 
балаға болашақ ана ретінде қарап, ерекше көзқараспен тәрбиесіне көңіл бөледі 
екен, қазақ халқы да қыз балаға қонақ деп қарап ерекше құрмет көрсетеді, 
дегенмен гендерлік саясат бойынша қызмет басым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет