2
PISA,
TIMSS
зерттеулерінің
тапсырмалары
негізінде
оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту бойынша
әдістемелік ұсыныстар
Математикалық сауаттылық – күнделікті өмірдегі математиканың рөлін
анықтау және түсіну; сандық ақпараттарды оқу, түсіндіріп беру және талдай
білу, негізделген математикалық пайымдаулар айту және математиканы
практикалық және танымдық проблемаларды шешуде пайдалану қабілеті.
PISA, TIMSS зерттеулері бойынша математикалық сауаттылықты
қалыптастыру нәтижесі болатын құзыреттілікті деңгейлерге бөлуге болады:
1-ші деңгей – білу (еске түсіру деңгейі)
– таныс жағдайда белгілі
фактілерді, үйреншікті тәсілдерді қолдану, математикалық объектілер мен
қасиеттерді танып білу, үйреншікті рәсімдерді орындау, белгілі алгоритмдер
мен техникалық дағдыларды қолдану, үйреншікті, таныс өрнектер және
формулалармен жұмыс істеу, есептеулерді тікелей орындау;
Достарыңызбен бөлісу: |