Pisa, timss зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту


-ші деңгей – ойлау (пайымдаулар деңгейі)



Pdf көрінісі
бет23/77
Дата07.02.2022
өлшемі1,55 Mb.
#82184
түріМетодическое пособие
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   77
Байланысты:
Пиза

3-ші деңгей – ойлау (пайымдаулар деңгейі)
өткен деңгейдің дамуы 
ретінде құрылады. Бұл деңгейдің есептерін шешу үшін, математикалық 
құралдарды таңдауда белгілі интуиция, пайымдау және шығармашылық, 
математика курсының әр түрлі бөлімдерінен білімдерді интегралдау, іс-әрекет 
алгоритмін өз бетінше жасау талап етіледі. Тапсырмалар әдеттегідей берілгенді 
көп қамтиды, көбіне оқушылардан шыққан нәтижені талдап қорыту, түсіндіру 
немесе негіздеу заңдылықтарын талап етеді. 
Оқыту мақсатының иерархиясы мәселелерін зерттеген американдық ғалым 
Б.С.Блум таксономиясы білімді меңгеру кезеңінде мақсат қоюдың мынадай 
алты деңгейлі тізбегін ұсынады: Білу; Түсіну; Қолдану; Анализ және синтез
Бағалау [17]. 
Оқытудың мақсаттар иерархиясына сәйкес академик В.П. Беспалько да 
оқушылардың білімді қабылдауының төрт деңгейлі педагогикалық кешенін 
ұсынып, белгілі бір шамада оқушы тәжірибесінің даму деңгейін көрсететін 
танымдық іс-әрекетті меңгерудің төрт деңгейін анықтағаны белгілі [18]. 
PISA, TIMSS зерттеулері критерийлері мен Б.С.Блум таксономиясының 
білімді меңгеру деңгейлері арасындағы арақатынасты анықтауға болады (2-
кесте). 


31 
2-кесте. 
PISA, TIMSS зерттеулері критерийлері мен Б.С.Блум 
таксономиясы арасындағы арақатынас 
PISA, TIMSS зерттеулері 
критерийлері 
Б.С.Блум таксономиясы білімді 
меңгеру деңгейлері 
Білу
(репродуктивтік іс-әрекету) 
Білу – Түсіну 
Қолдану 
(байланыстарды орнату, ұғымдарды 
пайдалану) 
Қолдану 
Ойлау 
(рефлекция) 
Анализ – Синтез – Бағалау 
Осы пайымдауларға сүйене отырып, профессор Ж.А.Қараев оқушылардың 
функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған білімді меңгеру 
деңгейлері мен ынталандыру, белсенділік және біліктік, білім сапалары 
арасындағы байланысты анықтаған (1-сурет) [19]. 
1-сурет. Білімді меңгеру деңгейлерінің ынталандыру, белсенділік, біліктік және 
білім сапалары деңгейлерімен өзара байланысы
Қарастырылып отырған Ж.А.Қараевтың «Деңгейлі саралап оқыту» 
моделіне сәйкес оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту бойынша 
білімді меңгеру деңгейлерінің талаптарын тұжырымдаймыз: 


32 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет