37. Ішкі конкурс өткізу кезінде хабарландыру конкурс жариялаған мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында да мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құрылған жағдайда хабарландыру құрылымында тұратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында жарияланады.
38. Конкурс өткізу туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін Заңның 15-бабы 3-тармағы, 29-бабының 4-тармағындакөзделген тәртіппен конкурстық рәсімдер аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.
39. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтерді қамтиды:
1) мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін мемлекеттiк органның атауы, пошталық мекенжайлары, телефон және факс нөмiрлерi, электрондық пошта мекенжайлары;
2) негiзгi функционалдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар атауы;
3) мемлекеттiк органмен айқындалған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;
4) құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
5) осы Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі;
6) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;
7) конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат;
8) конкурсқа қатысу үшін өтініш нысаны.
40. Егер конкурс "Б" корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткізілсе, бұл шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |