Практикум 1219000 «Нан пісіру, макарон жəне кондитерлік өндірісі»



Pdf көрінісі
бет140/154
Дата08.11.2022
өлшемі4,42 Mb.
#157168
түріПрактикум
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   154
Байланысты:
3 Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісінің технологиясы бойынша зертханалық практикум

Бақылау сұрақтары

1.
Азық
-
түлік тағамдарын өндіруде қолданылатын тағамдық қышқылдар
2.
Қышқылдардың салмақтық
үлесін анықтау əдісінің мəні
3.
Тағамдық қышқылдардың сапасын органолептикалық бағалау жолдары
4.
Шарап қышқылының сапасын талдау əдісі
2.4. Шикізат жəне дайын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
бойынша іс
-
шаралар
 
Кез
-
келген мемлекет экономикалық дамудың белгілі бір кезеңінде өсу 
нүктесі болып табылатын саланы анықтайды. Адам денсаулығына ең 
қажеттісі бəрінен бұрын сапалы əрі қауіпсіз азық
-
түлікпен дұрыс тамақтану.
Қазіргі таңда азық 

түлік өнімдерін өндіретін кез 

келген өндіруші 

кəсіпорынның барлығы дерлік, өз өнімін экспортқа шығару жолында 
қабылданған халықаралық стандарттарды сезінуде. Мұның себебі, 
Бүкілəлемдік Сауда Ұйымына мүше елдер өз елдерінде өндірісте 
қабылданған азық 

түлік өнімдерінің қауіпсіздігі нормаларына сай емес 
өнімдерді кіргізуге рұқсат бермейді. Бүгінгі таңда іс жүзінде барлық елдерде 
өнім қауіпсіздігін басқару жүйесі міндетті талаптардың бірі болып отыр, 
оның мақсаты түпкілікті тұтынушыны сапасыз өнім қабылдаудан туатын 
келеңсіз зардап шегуден берік қорғау. Қазір, Еуразиялық интеграция ТМД 
елдерінің арасында еркін сауда еліміздегі кəсіпорындарға көптеген 
мүмкіншіліктер ашқан уақытта, отандық кəсіпорындардың өз өнімдерінің 
сапасын жəне қауіпсіздігін қамтамасыз етуден басқа амалы жоқ. Олардың 
мақсаты нарыққа сапалы өнім шығарып, өз өніміне тұтынушылардың сенімін 
нығайту болып табылады. Өндірісте азық 

түлік өнімдерінің қауіпсізідігін 
қамтамасыз ету жүйесін енгізудің тағы бір тиімді əсері бар, ол кəсіпорын 
қызметкерлер психологиясының тұрғылықты бейнесінің жəне олардың 
өндірістік үдеріске
деген көзқарасының өзгеруі
[11]. 
Тағам қауіпсіздігі 

бұл тағам өнімдерінің адам денсаулығына 
зиянсыздығы.
Əртүрлі мемлекеттердің ауыл шаруашылығының дамуы əр 
түрлі деңгейде болуына жəне кейбір мемлекеттер өз
-
өзін азықпен 
қамтамасыз ете алмауына байланысты сауда мен жануарлар саудасының əрі 
қарай жаһандануын болжауға болады. Өндіруші елдерден сапасыз өнімнің 
импортталуы нəтижесінде адамдар арасында əр түрлі ауруларлар туындауы
жиілеп кетті.
Халықаралық індет бюросының стандарттарымен ветеринариялық 
қызметке індеттанулық қадағалау жүргізу, жануарлардың жұқпалы 
аурулармен, 
оның 
ішінде 
адамға 
жəне 
жануарларға 
ортақ 
зооантропоноздармен, зооноздармен жəне тағам токсикоинфекцияларымен 
күресу жəне олардың алдын алуы жүктелген. Тəжірибе жүзінде 
байқалғандай, алдын алу шараларын жүргізуге жəне індеттік қадағалауды іс 
жүзіне асыруға жұмсалған шығын аурудың пайда болғандағы шығынынан 
едəуір төмен. Аурудан таза емес аумақтардың жəне шаруашылықтардың 
пайда болуы көп шығынды өажет ететін ветеринариялық 

санитариялық 
шаралар жəне жануарлардың жойылуын талап етеді, бұл еліміздің азықтық 
қауіпсіздігін бұзып, үлкен шығын келтіреді. Халықаралық стандарттарды 
енгізуге жəне ұзақ мерзімді, жүйелі орындалатын шаралардың кешенін 
жүргізуге қажет инфрақұрылым жəне
қаржылық
-
техникалық базаны құру 
үшін мемлекет тарапынан қаржыны көбейту қажет
[12]. 
Тағам қауіпсіздігі зертханаларының рөлі қазіргі кездегідей ешқашан 
маңызды болған емес. Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы 

тұтынушылар, үкімет жəне өнім өндірушілер арасында маңызды мəселе 
болып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік ветеринариялық қызметіне мал 
шаруашылық өнімдерінің жəне азықтың қауіпсіздігін бақылауды заңды түрде 
тіркеу, қауіп төнген жаңдайда дер кезінде жауап беру жəне сəйкес шаралар 
қолдану үшін «егістіктен тұтынушыға дейін» тағам өнімдерінің өндірудің 
барлық сатыларында ветеринариялық
-
санитариялық бақылауды қамтамасыз 
ету қажет.
Елімізде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселесі келесі 
заң актілерінде қарастырылған. Қазақстан Республикасының «Тамақ 
өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі
туралы» (2004 ж.) бұл Заң тамақ 
өнiмдерiнiң Қазақстан Республикасы аумағында дайындалуы мен айналымы 
кезiнде олардың сапасын жəне халықтың денсаулығы мен қоршаған орта 
үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейдi.
Заң 4 
тарау, 22 баптан тұрады. 
1-
тарауда Жалпы ережелер туралы айтылған
, 2-
тарауда «Тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен 
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк реттеу» деп аталады, 


116
бұл тарауда қауіпсіздікке қойылатын талаптарды сертификаттау жəне растау, 
мемлекеттік қадағалау жəне бақылау, мемлекеттік реттеу пункттері 
қарастырылған, 3
-
тарауда тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың 
сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қойылатын талаптар көрсетілген, 
4-
тарау «Қорытынды ережелер», бұнда заң бұзылған жағдайда, не болатыны 
айтылған.
Келесі «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы»
Заңы (2010 ж.), бұл 
Заң тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық жəне 
əлеуметтік негіздерін, сондай
-
ақ тұтынушыларды қауіпсіз жəне сапалы 
тауарлармен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындайды
[11]. 
Сонымен қатар,
«Техникалық реттеу туралы» Заңы (2004 ж.). Осы
Заң 
Қазақстан Республикасында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтердiң жəне 
процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік 
техникалық реттеу жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейді.
Осы заң актілерінде белгіленген талаптарды орындау, тамақ өнімінің 
сапасы мен
қауіпсіздігін тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін əлемнің 
көптеген елдерінде НАССР (Hazard Analysis and Critical Control Point») 
жүйесі сəтті пайдаланылуда.
Қазақша мағынасы тəуекелдерді талдау жəне 
сыни бақылау нүктелері немесе өнімнің қауіпсіздігіне айтарлықтай əсер 
етуші қауіпті факторларды жүйелі түрде бірдейлендіру, бағалау жəне басқару 
тұжырымдамасы. НАССР жүйесі оны жүзеге асыруға қажетті ұйымдық 
құрылым, құжаттар мен өндірістік процестер жəне қорлардың жиынтығы 
болып табылады. Қазақстан Республикасында НАССР принциптері негізінде 
тамақ өнімдерінің сапасын басқару бойынша сапа жүйесінің мемлекеттік 
стандарты ҚР СТ 1179
-
2003 қолданысқа енгізілген. Бұл жүйенің өнім 
қауіпсіздігінің технологиясы деп аталуы тегін емес. НАССР жүйесі əлемдік 
тамақ индустриясында жетекші орын алады жəне азық
-
түлік тауарларын 
өндіруші кəсіпорындар өнімдерінің қауіпсіздігіне деген
тұтынушылардың 
сенімділігін нығайтады. Себебі, НАССР жүйесі бойынша тамақ өнімдерін 
өндіру саласындағы қауіптіліктерді анықтау жəне оларды басқару немесе 
алдын алу (жою) тəсілдері ғылыми негізде жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет