4. Тұздардың гидролиз дәрежесіне әсер ететін факторлар.
а) Тұз түзуші қышқыл немесе негіз күшінің гидролиз дәрежесіне әсері. Екі сынауыққа 3-5 мл-ден дистилденген су құйыңдар. Бір сынауыққа бір микроқалақша натрий сульфиті кристалын, екіншісіне дәл сондай натрий карбонаты кристалдарын салыңдар.
Натрий сульфиті мен натрий карбонаты гидролизінің (бірінші саты бойынша) молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңдар. Қандай тұздың ерітіндісінде фенолфталеин түсі қанығырақ? Қандай ерітіндіде ОН- иондарының концентрациясы жоғары? Қай тұздың гидролиз дәрежесі көбірек? Не себепті?
Бірдей концентрация мен температурада қай тұздың AlCl3және MgCl2 гидролиз дәрежесі көбірек? Қай тұздың ерітіндісінде Н+ иондарының концентрациясы жоғары? Осы тұздардың рН-ын индикатор қағазының көмегімен жобалап анықтау арқылы, өздеріңнің болжамдарыңды тәжірибемен тексеріңдер. Тұз түзуші қышқыл мен негіз күшінің гидролиз дәрежесіне әсері туралы ортақ қорытынды жасаңдар.