Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009


Кешенді қосылыстардың тұрақтылығы



бет110/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

4. Кешенді қосылыстардың тұрақтылығы
Никель сульфатының ерітіндісіне біртіндеп аммиак ерітіндісін құйыңдар да, су молекулаларының (Nі(H2O)6(+2 дейін, аммиактың артық мөлшерінде (Nі(NH3)6(+2 дейін сатылап ауысуының салдарынан ерітіндінің түсінің өзгеруіне көңіл аударыңдар. Алынған ерітіндіні екіге бөліңдер: біреуіне қаныққан калий бромидінің ерітіндісін құйып, тұнба түзілуін байқаңдар (NіSO4 және KBr ерітінділері әрекеттескенде тұнба түзіле ме, тексеріңдер). Байқалған құбылыстарды түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңдар. Егер 300С температурада (Н=-19 ккал/моль, ал (S=-22 ккал/мольLград болса, (Nі(H2O)6(+2 + 6NH3 ((Nі(NH3)6(+2 + 6H2O реакциясы өздігінен жүре ме? Қандай параметр (Н немесе Т(S, осы реакцияның (G белгісін анықтайды? (Nі(H2O)6(+2 ((=10800 см) және (Nі(NH3) 6(+2 (( =8700 см) ыдырау параметрін біле отырып, осы кешендердің қайсысы тұрақтырақ екенін түсіндіріңдер.
Алынған ерітіндінің екінші бөлігіне этилендиамин (NH2-СН2-CH2-NH2) құйыңдар да, реакция теңдеуін жазыңдар.
Nі+6NH3 ((Nі(NH3)6(2+ (G=-11,1 ккал/моль
2+ +3En ( (Nі(En)6(2+ (G=-24,36 ккал/моль
реакциясы үшін 300С температурадағы изабаралық- изотермиялық потенциалдың өзгерісін біле отырып, кешендердің тұрақтылық константасының мәндерін есептеңдер. Неліктен этилендиаминді Nі2+ кешені аммиакты кешенге қарағанда тұрақтырақ? (Nі(NH3)6(2+ кешенінің есептелген тұрақтылық константасын ескере отырып, құрамында (Nі(NH3)6(2+ (ЕКNіS=3,2L10-19) бар ерітіндіге аммоний сульфидімен әсер еткенде никель сульфидінің тұнбасы түзіле ме? Тәжірибе жүзінде дәлелдеңдер. Бұдан басқа (Nі(NH3)6(2+ + 3En ( (Nі(En)6(2+ + 6NH3 реакциясы үшін (G 300С-да 13,26 ккал/моль, а(Н=-6 ккал/моль біле отырып, энтропияның өзгеруін анықтаңдар. Энтальпиялық немесе энтропиялық фактордың қайсысы реакция бағытын анықтайды және ол неге байланысты? En(NH2-СН2-CH2-NH2) бидентантты лиганд екенін ескеріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет