Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет106/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

10. КЕШЕНДІ ҚОСЫЛЫСТАР


Бұл бөлімде кешенді қосылыстардың алынуы мен қасиеттері қарастырылады. Жұмысты орындау үшін алдымен кешенді қосылыстар туралы, олардың құрылысы, тұрақтылығы және тотығу - тотықсыздану қасиеттері туралы түсінік болуы керек. Жай қосылыстарды, иондарды және молекулалық топтарды әрекеттестіру жолымен алынған қосылыстар кешенді немесе координациялық қосылыстарға жатады. Кешенді қосылыстарда орталық орынды кешен түзуші алады, ол әдетте атом және зарядталған ион (олар көбінесе металдар) болады. Кешенді қосылыстарды көбінесе Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі d-элементтер түзеді. Осы элементтердің катиондарының 8-ден 18-ге дейін электрондары болады, олар кешенді иондар түзе аниондар мен полюсті молекулаларды поляризациялайды. Бұлар Ag+, Au+, Cu2+, Hg2+, Cd2+, Zn2+, Fe2+, Fe3+, Co3+, Nі2+, Cr3+, Pt4+ және басқалары. Дегенмен, басқа элементтердің де катиондары белгілі бір жағдайларда кешен түзуге бейім.


Кешен түзушінің айналасындағы бөлшектер (иондар немесе молекулалар) лигандтар деп аталады Әдетте лигандтардың ролін аниондар және полюсті молекулалар атқарады. Кез-келген жағдайда олардың ең кемінде бір бөлінбеген валентті электрон жұбы болады. Мысалы, H2O, NH3, NO, CO, Cl-, Br-, І-, OH-, CO32-, S2O32-, CN- және т.б. Кешен түзуші және лигандтар кешенді қосылыстардың ішкі сферасын құрайды. Ішкі сфераға кірмей қалған және кешен түзушіден алшақ орналасқан иондар кешенді қосылыстың сыртқы сферасын құрайды. Сыртқы сферада көбінесе сілтілік және сілтілік жер металдардың, аммонийдің және т.б. иондары болады. Кейбір кешенді қосылыстардың сыртқы сферасы болмайды. Олардағы ішкі сфераға кіретін иондардың теріс заряды кешен түзушінің оң зарядына тең. Кешенді қосылыстардың формуласын жазарда кешен түзуші мен лиганд, яғни ішкі сфераны тік жақшаға алып жазады. Бұл ерітінділерде кешенді ион оны құрайтын иондарға және молекулаларға диссоциацияланбайтынын көрсетеді. Кешенді ион заряды кешенді түзуші мен лигандтардың алгебралық қосындысына тең.
Кешенді қосылыстар диссоциацияланғанда кешенді иондар түзеді, мысалы: (Ag(NH3)2(Cl((Ag(NH3)2(++Cl-.
Мұндай диссоцация әдетте толығымен жүреді. Кешенді иондар өз кезегінде екіншілікті диссоциацияға ұшырайды:
(Ag(NH3)2(+(Ag++2NH3-.
Бұл диссоциациялану әдетте, аз мөлшерде жүреді. Әрекеттесуші массалар заңын пайдаланып, кешенді иондардың тұрақсыздық константасының мәнін табуға болады:

Кешенді ионның тұрақсыздық константасы ішкі сферадағы кешенді қосылыстардың тұрақтылығын көрсетеді. Кейбір кешен иондардың тұрақсыздық константасының мәні қосымшадағы кестеде берілген.
Кешенді ионның диссоциациясы қайтымды процесс болғандықтан, сферағы ионды байланыстырып, кешенді бұзуға болады. Мысал ретінде НNO3-тің (Ag(NH3)2(Cl әрекеттесуін қарастырамыз.

(Ag(NH3)2(Cl+HNO3 =AgCl(+2NH4NO3


Кешеннің бұзылуы, тұрақсыздық константасының мәні кіші кейбір тұрақты кешен түзілгенде де іске асады.


Кешенді қосылыстардың қосылыс бөліктерінің кеңістікте орналасуы құрамындағы молекула түгелімен өзгермей бұзылуы жиі кездеседі. Мысалы, CrCl3(6H2O қосылысына үш түрлі зат сәйкес келеді. Күлгін тұздың молекуласындағы, барлық алты су молекуласы ішкі сферада болады
(Cr(H2O)6 (Cl3. Қыздырғанда су молекуласының бір бөлігі ішкі сферадан шығып кетеді де, орнына хлорид иондары келе бастайды, сөйтіп (Cr(H2O)5 Cl(Cl2(H2O - ашық-жасыл түсті, (Cr(H2O)4 Cl(Cl(2H2O-қою-жасыл түсті изомерлер түзіледі.
CrCl3(6H2O қосылысындағы изомерия гидраттық изомерия деп аталады. Кешенді қосылыстарда, жоғарыда көрсетілгендей басқа да изомерия түрлері байқалады.
32 жұмыс. Кешенді қосылыстардың алынуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет