Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: 4 сынауық, мырыш, хром, алюминий, бериллий тұздарының 0,1 М ерітінділері, 10 % NaOH, HCl ерітіндісі (1:3), KClO3, KCl, NaClO3 қаныққан ерітінділері, ZnS, CuS құрғақ тұздары.
|
Төрт сынауыққа мырыш, хром, алюминий, бериллий тұздарының ерітінділерін құйып, әрбір сынауыққа 10 % натрий гидроксидінің бірнеше тамшысын қосыңдар. Ақ тұнбаның түзілгендігін бақылаңдар. Әрбір жағдайда тұнбаларды екі сынауыққа бөліңдер. Сынауықтардың біреуіне тұз қышқылын (1:3(, екіншісіне 10 % сілтінің артық мөлшерін құйыңдар. Неліктен екі жағдайда да тұнба ериді? Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
Екі сынауыққа 3 мл калий хлоратының (KClO3( қаныққан ерітіндісін құйыңдар да, біреуіне 2-3 мл калий хлоридінің қаныққан ерітіндісін, екіншісіне натрий хлоратының қаныққан ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады?
Ерігіштік көбейтіндісі туралы түсініктерді қолдана отырып, қандай жағдайда тұнба түзілетініне түсініктеме беріңдер. Оқулықтан KClO3 және NaClO3 ерігіштік көбейтіндісінің мәнін жазып алыңдар.
3. Екі сынауыққа мырыш сульфиді мен мыс сульфидін салып, оған 2 мл су құйып араластырыңдар. Екі сынауыққа да 3 мл тұз қышқылын құйыңдар. Тұнба неге ұшырайды? Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Оқулықтан ZnS және CuS ерігіштік көбейтіндісін, Н2S диссоциациялану константасын жазып алыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |