Бос хлордың қасиеттерін зерттеу.
5. Хлордың металдар және бейметалдармен әрекеттесуі.
а) 36-суреттегідей құрылғы жинап, реакцияны жүргізіп,
|
бөлінген хлорды бірнеше ыдысқа толтырып алыңдар. Ақ қағазға кішкене сүрме ұнтағын алып, хлоры бар шыны ыдыстың біреуіне салыңдар. Не байқалды? Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Қызыл фосфордың аздаған мөлшерін қасыққа салып, жағып, хлоры бар ыдысқа салыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
|
36-сурет. Хлор алуға арналған құрылғы
|
Фосфордың (сүрменің) жануы кезінде қандай жағдайда үшхлорлы және бесхлорлы фосфор (сүрме) түзілуі мүмкін.
|
Үш және бес валентті фосфордың хлоридтерін қалай ажыратуға болады? Бұл қосылыстардың гидролизі қалай жүреді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
в) Қысқышпен мыс фольгасының жолағын немесе мыс сымының бір уысын алып от жалынында қыздырып, тез хлоры бар ыдысқа салыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |