Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009


Гипохлориттер және олардың қасиеттері



бет124/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

Гипохлориттер және олардың қасиеттері


Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті.

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: 10% КОН, мұз, салқындатқыш қоспа, индиго ерітіндісі, сөндірілген әк, бром суы, йод суы, боялған мата, кішкентай стақан, ағартқыш әктің қаныққан ерітіндісі (кальций гипохлориті СаОCl2 мен кальций хлоридінің СаCl2 қоспасы), күкірт қышқылы (1 М, конц.), калий хлоратының (КClО3) кристалдары, 50% КОН ерітіндісі.

1. Суықтай сілті ерітіндісі мен хлордың әрекеттесуі. "Жавель суының" алынуы.
Мұзбен араластырылған және салқындатқыш қоспасы бар стақанға салынып салқындатылған 5-7 мл 10% күйдіргіш калий ерітіндісі арқылы сутек хлоридінен мұқият тазартылған хлор ағынын өткізіңдер. Қоспа температурасының – 100С-тан асып кетпеуін қадағалаңдар. Реакцияның аяқталғанын қалай дәлелдеуге болады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Алынған ерітіндінің индиго мен боялған матаға әсерін тексеріңдер. Калий гипохлоритінің ерітіндісі тұрақты ма? Көмір қышқылы хлорлылау қышқылын оның тұздарының ерітіндісінен ығыстырып шығара ала ма? Көмір және хлорлылау қышқылдарының диссоциациялану константаларының өлшемдерін салыстырыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет