2. Ағартқыш әктің алынуы және қасиеттері.
2 г таза сөндірілген әкке (Са(ОН)2) 10-15 мл су қосып, жақсылап араластырыңдар. Суық сумен салқындату үшін стақанға алынған қоспаны салып, 10-20 минут ішінде сутек хлоридінен тазартылған хлор ағынын жіберіңдер.
Ағартқыш әкті алу кезінде неліктен салқындату қажет? Егер бөлініп жатқан жылуды шығармаса, ерітіндіде не түзіледі? Са(ОН)2 ерітіндісіне хлор жібергенде қай реакция есебінен жылу бөлінеді?
Ағартқыш әктің қаныққан ерітіндісін дайындау керек. Ол үшін алынған препараттың бір бөлігін 10 мл сумен шайып, сүзіңдер. Алынған ерітіндінің бір бөлігін алып, оның әсерін индиго мен боялған матаға тексеріңдер. Қандай заттың есебінен ағартқыш әк ерітіндісі ағартқыш қасиет көрсетеді.
Ағартқыш әктің алынған ерітіндісінің бөлігіне қышқыл реакцияға дейін 1 М күкірт қышқылын құйып, иісі бойынша (абайлап!) не түзілгенін анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |