1. 1-2 мл хлор суына сутек пероксидінің аз мөлшерін қосып, газдың бөлінгенін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. KІ ерітіндісінің бірнеше тамшысына бром суын, бензол қосып, сілкілеңдер. Бензол сақинасының түсін түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
3. Йод суының бірнеше тамшысына крахмал ерітіндісінің бірнеше тамшысын қосып, сынауық ішіндегіні сілкілеп, крахмалдың көк түсі кеткенше натрий тиосульфатының (Na2S2O3) ерітіндісін қосыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
4. Екі сынауыққа 1 мл бром, йод суын құйып, органикалық еріткіштің (хлороформ, CCl4, бензол) бірнеше тамшысын қосып, жақсылап сілкілеңдер. Екі сынауыққа хлор суын тамшылатып қосып, тез араластырып органикалық еріткіш қабатының түсінің өзгеруін бақылаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
5. Сынауыққа калий бромиді мен йодидінің ерітіндісін және 3-5 тамшы органикалық еріткішті тамшылатып қосыңдар. Оған хлор суын қосып, жақсылап араластырып, еріткіштің түсінің өзгеруін бақылаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
6. 2-3 тамшы бромдылау қышқылды калийдің қаныққан ерітіндісін 1-2 тамшы сұйытылған күкірт қышқылымен араластырып, бромдылау қышқылының ерітіндісін дайындаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Ерітіндіге йодтың ұсақ кристалдарын салып, сынауық ішіндегіні араластырып, ерітіндіні бірнеше рет жуып, оған органикалық еріткіштің бірнеше тамшысын қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Галогендерді галоидты сутектерден және олардың тұздарынан, сонымен қатар олардың оттекті қосылыстарынан бірін-бірі ығыстыру қабілетіне байланысты қатарға орналастырыңдар. Галогендердің электронға ынтықтылығы тұрғысынан осы қасиетін түсіндіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |