Қажетті құрал-жабдықтар және реактивтер: калий бромиді, күкірт қышқылы (конц.), қызыл фосфор, бром, U-тәрізді түтік, сынауық, мұзы бар стақан, магний ұнтағы, мырыш ұнтағы, кальций карбонаты, күміс нитратының ерітіндісі.
а) Құрғақ сынауыққа 0,5 г калий бромидін салып, аздап 70% күкірт қышқылын құйып, абайлап қыздырыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы әдіспен алынған сутек бромиді немен ластануы мүмкін?
б) Құрылғыны жинаңдар (38 - сурет). Бірінші сынауыққа 2 тамшы сумен ылғалданған 1 г қызыл фосфор салыңдар. Тамшылатқыш құйғыға (2) 3-5 мл бром құйыңдар. U-тәрізді түтіктің төменгі бөлігіне (3) қызыл фосформен араластырылған шыны мақтаны орналастырыңдар (не үшін?). Қабылдағыш ретіндегі сынауыққа (4) 3 мл су құйып, оны мұзы бар стақанға батырыңдар. Газ шығаратын түтік қабылдағыштың суына батырылмау керек (неліктен?), бірақ
|
оның саңылауы судың бетіне өте жақын болу керек. Бром әрекеттесіп үлгеру үшін бақылай отырып, бромды фосфорға жаймен тамшылатып құйыңдар. Бром мен фосфор арасындағы реакция аяқталғанда сынауықты 3 - 5 минуттай
|
38-сурет. Бромсутек алуға арналған құрылғы
|
қыздырып, қабылдағышты шығарыңдар да, алынған қышқылдың металл (маг -
|
ний және мырыш) мен кальций карбонатына әсерін сынаңдар. 1 мл HBr ерітіндісіне 1-2 тамшы күміс нитратының ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Бұл тәжірибеде өтетін барлық процестер үшін реакция теңдеулерін жазыңдар.
№ 44 жұмыс. Сутек йодидін алу және оның қасиеттері
Достарыңызбен бөлісу: |