Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет132/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

қасиетін қарастыру


Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті(



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: қорғасын диоксиді, жоса (Pb3O4), тұз қышқылы (конц.), калий бромиді, бензол, калий йодиді, күкірт қышқылы (конц.), темір хлориді (ІІІ), крахмал.

1.Сынауыққа қорғасын диоксидінің немесе жосаның аз мөлшерін салып, концентрлі тұз қышқылын қосып қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеуін жазыңдар.


2.Калий бромидінің ерітіндісіне күкірт қышқылының, калий перманганатының және бензолдың бірнеше тамшысын қосыңдар. Сынауықты сілкілеп араластырып, байқағандарыңды түсіндіріңдер.
3. Калий йодиді ерітіндісінің бірнеше тамшысына абайлап концентрлі күкірт қышқылының бірнеше тамшысын қосыңдар. Қандай зат бөлінеді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
4. Темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісіне 2-3 тамшы крахмал және калий йодидінің ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Галогенид-иондардың тотықсыздану қасиеттері F-, Cl-, Br-, І- қатары бойынша қалай өзгереді? Реакция теңдеулерін аяқтаңдар.
NaF + H2SO4 конц. =
NaCl + H2SO4 конц. =
NaBr + H2SO4 конц. =
NaІ + H2SO4 конц. =
Галогенсутек қышқылының тұздарына концентрлі күкірт қышқылымен әсер еткенде жүретін әртүрлі процестерді қалай түсіндіруге болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет