2. Пластикалық күкірт.
Құрғақ сынауықтың үштен бір бөлігіне күкірт түйірлерін салып, сынауықты ағаш ұстағышпен ұстап, жанарғы жалынында жаймен қыздырыңдар. Балқыған күкірттің түсі мен қозғалысына көңіл аударыңдар. Қыздыруды жалғастыра отырып, күкірттің түрінің өзгеруі мен тұтқырлығының өсуін бақылаңдар. Қайнау температурасы аймағында күкірт қарайып, қайтадан қозғалғыш күйге түседі. Осы сәтте күкіртті суық суы бар кристаллизаторға сыздықтатып құйыңдар. Алынған массаны судан шығарып алып, екі сүзгі қағазының ортасына салып кептіріңдер. Күкірттің созылғыштығы мен күкірткөміртекте ерігіштігін анықтаңдар. Алынған массаның бір бөлігін келесі сабаққа дейін қалдырып қойып, тағы да оның физикалық қасиетін зерттеңдер. Күкіртте болған өзгерістерді түсіндіріңдер.
№ 47 жұмыс. Күкіртсутек. Сульфидтер
Достарыңызбен бөлісу: |