Тапсырма: Көмір қышқыл газын тазалау. Кипп аппаратының құрылысымен танысыңдар (12-сурет) және оны көмір қышқыл газын алуға дайындаңдар. Кипп аппаратына дистилденген суы бар шынысауытты қосып 10-15 минут бойы әлсіз газ ағынын жіберіңдер. Құрамындағы НСІ анықтаңдар. Шынысауытты алып тастап Кипп аппаратына мыс сульфатымен хлоркальцийлі түтікті қосыңдар. Ол арқылы көмір қышқыл газының ағынын жіберіп, болып жатқан көріністі байқаңдар. Таза көмір қышқыл газын қалай алуға болады?
2. АТОМДЫҚ МАССА, МОЛЕКУЛАЛЫҚ МАССА ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ЭКВИВАЛЕНТТІ АНЫҚТАУ
Молекулалық масса-жеке заттың сипаттамасының бірі. Молекулалардың массасы өте кіші шама болатындықтан практикада әдетте салыстырмалы молекулалық масса қолданылады.
Салыстырмалы молекулалық масса (Mr) зат молекуласының орташа массасының көміртек изотопы 12С массасының 1/12 бөлігінің қатынасына тең шексіз шама, яғни салыстырмалы молекулалық масса берілген заттың молекуласының массасы көміртек атомы изотопының 12С массасының 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін көрсетеді.
Mr(Х)=(m (Х)/ (1/12) m(12C)= (m (Х)/1,66·10-24 г.
мұндағы Mr(Х) - Х заттының салыстырмалы молекулалық массасы; m (Х) - Х затының бір молекуласының массасы; m(12С)- грамм бойынша бір көміртек атомы изотопының массасы.
Мысалы,
Mr(H2SO4)=(m(H2SO4)/(1/12)m(12C)=163·10-24г/1,66·10-24г=98
Реакцияға қатысатын заттарға сапалық есептеулер жүргізу үшін зат мөлшерін (n немесе ν) өлшеу бірлігі ретінде моль қабылданған.
Достарыңызбен бөлісу: |