3.Озон. Алынуы және қасиеті
13-суреттегідей газометрді
26-сурет.
Озон алудың сызбанұсқасы
|
толтырыңдар. Индукция-лық катушканы қосып озонатор арқылы газо- метрден оттек жіберіңдер (26-сурет). Озонның түзі- лу реакциясын жазыңдар. Бірнеше тамшы крахмал тамызылған калий иодиді ерітіндісі арқылы озонды
|
жібере отырып, озонның қасиетін зерттеңдер. Озонның иісі қандай? Үш сынауыққа 1-2 мл калий йодиді, индиго, марганец сульфаты ерітінділерін құйыңдар. Сыйымдылығы 100-150 мл құтыға 5 г (NH4)2S2O8 және 10 мл концентірлі азот қышқылын құйыңдар да, құтыны газ шығаратын түтігі бар тығынмен жауып, оны әлсіз жалында қыздырып, бөлініп жатқан газды үш ерітінді (KJ, индиго) арқылы өткізіңдер. Әрбір ерітіндіде болып жатқан өзгерістерді бақылаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы реакцияларда озон қандай роль атқарады? Озон молекуласының құрылысын жазыңдар.
№ 14 жұмыс. Сутек
Ескерту: Сутекпен тәжірибелер жасағанда оның тазалығына алдын-ала көз жеткізіп алмайынша қондырғыдан шығып жатқан сутекті жағуға болмайды, себебі таза емес сутекті жаққанда қопарылыс болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |