Логикалық амал белгілері: AND — және(логикалык көбейту) операциясы;
OR — немесе(логикалык қосу) операциясы;
NOT — емес(терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
XOR — арифметикалық немесеамалы;
SHL — биттер (1 мен 0-дер) тіркесін солға ығыстыру; SHR — биттер (1 мен 0-дер) тіркесін оңға ығыстыру. Айыру белгілерінебос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшіру) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады. Айыру белгілері атауларды, сандарды мағыналарына сәйкес арнаулы кызмет атқаратын түйінді өздерді бір-бірінен бөліп тұрады. Түсініктеме {және} немесе (*және*) белгілерімен қоршалып, солардың ішіне жазылады, ол бір немесе бірнеше жолдардан тұруы мүмкін. Компиляторға арналған директива (түсінік белгі) алдына $ белгісі қойылады. Алдында $ белгісі жоқ түсініктемеге компиляция жасалмайды.
Сонымен, айыру белгілері: _ (бос орын); , (үтір); . (нүкте); : (кос нүкте); ; (нүктелі үтір); '(апостроф); (,); [,]; {,}.
Пунктуация белгілерінің атқартын қызметтері мына 1-кестеде көрсетілген.