Құрылымдық операторлар. Шартты операторлар (if...then...else). Таңдау операторы (саsе...of..end).
Параметрлі цикл операторы (for...tо...dо... және for...downto...do).
Шарты басында тексерілетін цикл операторы (while...dо...). Шарты соңында тексерілетін цикл операторы (repeat.. .until).
Паскаль тілінің басқару операторларына шартсыз және шартты көшу операторлары, цикл (қайталау) ұйымдастыру операторлары жатады. Бұлардың соңғылары құрылымы күрделі операторлар арқылы жүзеге асырылады.
Программа операторлары, негізінен, жазылу ретімен орындалады. Олардың бұл орындалу тәртібін өзгерту үшін жоғарыда айтылған шартты немесе шартсыз көшу (өту) операторы GOTO қолданылады (оқылуы: гоу ту). Қойылған шартты тексеру арқылы оператордың орындалу ретін өзгертуге немесе өзгертпеуге болады. Шартты тексеру операторлары мен цикл операторлары көбінесе құрылымдық операторлар арқылы ұйымдастырылады.