Программа денесі(операторлар тізбегі)



бет47/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,26 Mb.
#94523
түріПрограмма
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   163
Байланысты:
cda6b05d-8cb5-11e3-bf6e-f6d299da70eeУММ ПР1

Көпөлшемді массивтер
Turbo Pascal-да массив элементтері тек қана қарапайым типтерден емес, сол сияқты құрылымдық типтер де бола алады. Мысалы, элементтері массивтер бола алатын массивтер болады. Осындай массивтің сипатталуы төмендегідей болады.
A1=array[1..5] of array[1..4] of integer;
Бұл массивті 20 элементі (4х5) бар екіөлшемді матрица ретінде көрсетуге болады. Жоғарыда көрсетілген массив сипаттамасын қысқартып жазуға болады.
A1=array[1..5, 1..4] of integer;
Бұл сипаттамалар эквивалентті. Осы массивтің бір элементіне қатынас жасау төмендегідей болады.
A1[3][4]
немесе
A1[3,4]
Осы екіөлшемді массив толықтай былай көрінеді
A1[1,1] A1[1,2] A1[1,3] A1[1,4]
A1[2,1] A1[2,2] A1[2,3] A1[2,4]
A1[3,1] A1[3,2] A1[3,3] A1[3,4]
A1[4,1] A1[4,2] A1[4,3] A1[4,4]
A1[5,1] A1[5,2] A1[5,3] A1[5,4]

Тек екіөлшемді массивтер емес, көпөлшемді массивтер де болады, және де өлшемдері шектелмейді. Дегенмен мұнда массив айнымалыларының өлшеміне 64Кбайт (немесе 65520 байт) шектеу қойылады. Бұл бір айнымалыға бөлінетін максималды жады көлемімен байланысты.


Қолданылатын амалдар
Массивтермен орындалатын әрекеттердің екі категориясы бар: массив элементтерімен жұмыс және тұтас массивпен жұмыс.
Массив элементтерімен жұмыс
Массив элементі айнымалы ретінде қолданылатындықтан, ол өрнектерге қатыса алады. Массив элементеріне қолданылатын амалдар жиынтығы базалық типке мүмкін амалдармен сәйкес келеді. Массив элементтерімен жұмыс істеу мысалдарын келесі 6-кестеден көруге болады.
6-кесте

Әрекет мысалы

Түсініктеме

Write(‘6’, a1[5])

Экранда 6 саны, соңынан а1 массивінің 5-ші элементі шығарылады.

a4[5]:=a4[3]+a4[2]

а4 массивінің 3-ші және 2-ші элементтерінің мәндері қосылып, алынған қосынды осы массивтің 5-ші элементінің мәні ретінде меншіктеледі.

abc:=abc+a4[88]

а4 массивінің 88-ші элементінің мәні abc айнымалысының мәнімен қосылып, алынған нәтиже осы айнымалының өзіне меншіктеледі.

abc:=a4[55]+a4[56]

а4 массивінің 55-ші және 56-ші элементтерінің мәндері қосылып, алынған нәтиже abc айнымалысына меншіктеледі.

a4[33]:=a4[33]+20

а4 массивінің 33-ші элементі 20-ға ұлғайтылады.

Массивтермен орындалатын әрекеттер


Массивтерге тұтас қолданылатын амалдар жиынтығына келетін болсақ, онда массивтің барлық элементтерін екіншісіне көшіруді жалғыз меншіктеу операторының көмегімен жүзеге асыруға болады. Мысалы, егер х және у – бір типке жататын массивтер болса, онда келесі оператор дұрыс болады.
х:=у
Бұл оператор х массивінің барлық элементтерінің мәндерін у массвіне көшіреді. Бірақ, массивтерге салыстыру амалын қолдануға болмайды. Мысалы х және у массивтеріне төмендегі операторды қолдануға болмайды.
While x=y do ...
Егер мұндай қажеттілік туындаса, онда массивтердің әрбір элементтеріән салыстыруды ұйымдастыруға болады.
Массивтерге сол сияқты арифметикалық және логикалық амалдар қолданылмайды. Және де массивтерге стандартты Read және Write процедураларын қолдануға болмайды. Дегенмен массивтің әрбір элементін жеке оқу және экранға шығаруды ұйымдастыруға болады.
Мысал.
Екіөлшемді массивті енгізу және экранға шығару.
Program Mas2;
Var
A:array[1..100, 1..100] of integer;
i, j, n,m:integer;
begin
Write(‘массивтегі баған санын енгіз ’);
ReadLn(n);
Write(‘массивтегі жол санын енгіз’);
ReadLn(m);
For i:=1 to n do
For j:=1 to m do
Begin
Write(‘A[‘, i,’,’j, ‘]=’);
Readln(A[i,j]);
End;
For i:=1 to n do
begin
For j:=1 to m do
Write(A[i,j]);
Writeln;
End;
Readln;
End.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет