20 жаттығу топ мүшелері жартылай шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында куб бейнеленген қағаз.
Нұсқаулық: «Мына қағазға қараңыз және онда не көріп тұрғаныңызды айтыңыз».
Қатысушылар өздерінің болжамдарын айтады. Жаттықтырушы айтылғандарды қайталай отырып, қорытынды жасайды. Әдетте бұл- сурет, куб, геометриялық фигура, бірнеше квадраттар, қорап, бөлме және т.б. пікірлер айтылдаы. Бұдан кейін жаттықтырушы нұсқаулықты жалғстырады:
«Бұл қағазда не бейнеленгеніне қатысты біздің әртүрлі пікірлеріміз айтылды. Әрі бұл кезде онда тек он екі кесінді түсуден басқа ештеңе жоқ. Бұны қалай түсіндіруге болады?»
Талқылау барысында, топ мүшелері алдыңғы тәжірибенің қабылдау әсеріне қатысты, санада бұған дейін қалыптасқан құрылымды «танылатын» ойларын айтады.
Топтың деңгейіне немесе оның мәселені түсіну деңгейі жұмысы сәтіндегі қол жеткізгендеріне байланысты бұл ой әртүрлі тұжырыммен үйлеседі: «біз өзіміз ат берген заттарды танимыз, әрі бұл кезде басқалардың ол нысанның сіз үшін қандай маңызда екендігі туралы еш күдігі болмайды», « бізге бұл форма куб деп айтты, сондықтанда біз соны көріп тұрмыз» және т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: |