Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



бет159/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

18 жаттығу топ мүшелері жартылай шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушы қабырғаға бекітілген тақтаның немесе ватман қағаздың қасында тұрады.

Нұсқаулық: «қазір мен сіздерге кейбір тапсырмаларды ұсынамын. Шарттарын тыңдағаннан кейін, шешімді табуға тырысыңдар. Жауапты анықтағаннан кейін, оны білдіріңіздер, мысалы, дауыстап ештеңе айтпай қолыңызды көтеріңіз».

Осындай жұмыс барысында қолданылуы мүмкін, бірнеше тапсырмаларды келтірейік.




  1. Бір тиынның орналасуын өзгертіп, әр осьте төрт тиыннан жатуына қол жеткізу қажет.

Жауап: горизонтальды осьте орналасқан бір тиынды, осьтердің қиылысында орналасқан тиынның үстіне қою керек.


2. Бір санның орналасуын өзгерту арқылы, қосынды дұрыс болуына қол жеткізу қажет:
102= 100

Жауап: 102= 100.


3. кез-келген жерден кесінді жүргізу арқылы теңдіктің дұрыс болғанына қол жеткізу керек:
V1 = 1
Жауап: √1 =1.
Топқа кезекпен ұсынылатын тапсырмаларды орындау барысында, жаттықтырушы шешімін таппаған қатысушыларға өздерінде туындаған ойларын дауыстап айтуын ұсынады. Көп жағдайда осындай жеткізу кезінде, шешім таппаған тыңдаушылардың бірінде, шешім пайда болады. Оларға: «жауап қалай туындады?» деген сұрақ қоя отырып, біз шығармашылық тапсырмаларды шешу жағдайындағы салыстырмалы механизмдер маңызы ойына шығу мүмкіндігін иеленеміз.

Бұл жұмыс сонымен бірге креативтік тренингіне қатысушыларға, оның көрінуіне әртүрлі кедергілер қалай әсер ететіндігін және олар қандай болуы мүмкіндігін сезінуге септігін тигізеді.

Тапсыраны шешу барысында мүмкіндіктерін шектейтін шектеулерді адамның өзі құрып алатындығы көрнекті дәлел болмақ. Мысалы, бірінші тапсырмамен жұмыс процесінде пайда болған әсерлерді талқылау барысында, бір топтың мүшесі: «Мен тиындарды қағаз бетінен алмай қозғау керек деп ойладым» -деп айтса, енді бірі: «Мен барлық тиындар көрініп тұруы тиіс деп ойладым» - деп айтады. Әрине, мұндай шектеулер тапсырманың шартында болған жоқ, оларды адамдар өздері шығарған.

Осындай тапсырмалармен жұмыс барысында көп жағдайда байқалатын креативтілік көрінісінің тағы бір кедергілері, бұл – бара-бар емес, әсіресе төмендете өз-өзіне баға беру. Жаттықтырушының екінші тапсырманы түсіндіру барысында айтылған креативтік тренинг тобының бір мүшесінің айтқаны: «Бұл, математика екен ғой, мен оны мүлде білмеймін» дегенменде, бұл тапсырманы шешу үшін қажет математикалық білім деңгейі барлығында жеткілікті екені айдай анық емес пе.

Креативтік тренингі аясында бұл тапсырмалармен жұмыс істеу топ мүшелеріне креативтік процестің кезеңдері сезінуге мүмкіндік береді. Қатысушылардың бұған назар аударуын ояту үшін, жаттықтырушы тапсырманың шартымен таныстырар алдында: «Шешу барысында сіздердің бойларыңызда көрінген барлық жағдайға мән беруді өтінемін» - деп айтуы қажет, ал әсерлерді талқылау барысында, бұл жағдайлар туралы, олардың ерекшеліктері мен динамикалық сипаттамлары туралы айтып беру ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет