25 жаттығу
Топ мүшелері шеңбер бойымен отырады.
Нұсқаулық: «Қазір әрқайсымыз кезекпен өзі отырған орындығын алып, ортаға шығады да, кезекпен шеңбердің бойында отырғандарға қарама-қарсы отырып, оларға күтпеген сұрақтар қояды. Сұрақ қойғаннан кейін оның жауабын күтеді».
Өзгерту мүмкіндігі бар: шеңбер бойында қалған әрбір қатысушыға қарма-қарсы отырушы, оған қойылған сұрақтарға жауап береді.
Жаттығу ойлау ерекшелігін, икемділігін, нақтылығын дамытуға бағытталған Әдетте, көңілді өтеді, топтың көңіл-күйін белгілі дәрежеде көтереді.
26 жаттығу
Топ мүшелері өз қалаулары бойынша біріккен жұпта жұмыс істейді. Әр қатысушының қолында қалам мен парақ бар.
Нұсқаулық: «жаттығу бірнеше қадамнан тұрады. Алдымен әрқайысымыз өз бетімізбен темекі тартудың пайдасына қатысты дәйектерді көбірек жазуға тырысады. Бұған сіздердің үш минут уақыттарыңыз болады».
Үш минуттан кейін жаттықтырушы әрқайсысына қанша дәйек жаза алғаны туралы айтуды өтінеді. Бұл ақпарт талқыланбайды және жаттықтырушы коментарий жасамайды. Егер топта көп немесе аз дәйектер жазылғандығы туралы сұрақтар туындаса, бағалаулар немесе өзіндік баға беру (ой, ал менде мүлде аз» деген сияқты) айтылатын болады, ал жаттықтырушы еш әрекет білдірмейді, талқылауға қолдау көрсетпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |