Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



бет168/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

Нұсқаулықтың жалғасы: «Енді сіздердің бір-біріңізбен құрастырылған дәйектермен бөлісуге уақыттарыңыз болады, әрі бұл кезде сіздің серігіңізде бар, бірақ сізде жоқ және сіз үшін ерекше және өзгерек болып көрінген 1-2 дәйекті есіңізде сақтаңыз».

Барлығы жұмысты аяқтаған соң, 5-7 минуттан кейін, жаттықтырушы нұсқаулықты жалғастырады: «Қазір сіздің темекі тартуға қарсы көбірек дәйектерді өз еркімен жазу үшін үш минуттық уақыттарыңыз болады».

Одан кейін қатысушылар өз жұмыстарының нәтижесімен, алдыңғы кезеңдегі жолмен бөліседі.

Талқылаудың жалғасы ортақ шеңберде жүзеге асады.

Жаттықтырушы: «қазір әрқайсымыз сіздің әріптесіңіз ұсынған темекі тартуды «қолдайтын» және «қарсы» дәйектерінің қайысысы сізге ерекше ұнады және сіздің ойыңызша ерекше, өзгеше болып келетіндігін атаңыз».

Жұмыс барысында әрқайысының жеке нақты мәселеге (аталмыш жағдайда, темекі тарту туралы) қатысты көрінісі белгілі деңгейде кеңейе түседі. Жұмыстың заңды нәтижесібұған дейін қалыптасқан көріністердегі шектеуді жеңу болып табылады, бұл оң эмоциялардың пайда болуымен қабаттасады. Мәселені көрудің біртіндеп кеңейе түсуі (өзіндік дәйектерді құрастыру және сезіну, әріптесінің дәйектерінде жаңаны аңғару, басқа жұптардың дәйектерінде жаңаны байқау) мәселенің болжамдық көрінісінің шексіздік ойын сезінуге көмектеседі, қатысушыларды әр алуан тәжірибе жинақтауға септігін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет