Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары


жаттығу Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Олардың қолдарында парақ және қалам. Нұсқаулық



бет166/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

24 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Олардың қолдарында парақ және қалам.



Нұсқаулық: «Мен сіздерге қазір ұсынатын тапсырманы жазбаша орындау қажет. парақтың жоғарғы жағына Н Ө Ә С төрт әріпін жазыңыздар. Менің белгім бойынша жұмысты бастаймыз; мүмкіндігінше көбірек сөйлем құрауымыз қажет, әрі сіз жазған әрбір сөйлемнің бірінші сөзі Н әріпінен, екіншісі - Ө , үшіншісі – Ә, төртіншісі – С әріпіненен басталуы қажет. Мысалы:Назым Өте Әдемі Сөйлейді. Тапсырманы орындау үшін сіздердің үш минут уақыттарыңыз бар. Бастадық».

Үш минуттан кейін жаттықтырушы әрбір қатысушыға кезекпен қанша сөйлем жазғанын айтуын өтінеді, одан соң әрқайысына жазған сөйлемдерінің кез-келген бірін өз қалауы бойынша оқып беруін ұсынады. Ол сөйлем қатысушының ойынша ең сәтті құрылған сөйлемі болуы мүмкін. Жұмыстың нәтижесімен таныстыру барысында қатысушылар сөйлем құрау барысында қолданылмаған стилдік, мазмұндық және басқа мүмкіндіктерді анықтайды, бұл олардың себебін күшейтеді және келесі жұмыстардың нәтижесіне оң әсер тигізеді.

Жаттықтырушы сөйлем құрауды тағы үш минутқа созуды ұсынады. Берілген уақыт аяқталғаннан кейін, әр қатысушы тағы да өзі қанша сөйлем құрай алғандығын жеткізеді және өз таңдауы бойынша біреуін оқып береді.

Одан кейін жаттықтырушы нұсқаулықты жалғастырады: «Енді әрқайысымыз біздің тобымыз туралы әңгіме құрастырады. Бұл әңіме құралатын сөйлемдердің қатары кез-келген болуы мүмкін бірақ сөздер НӨӘСНӨӘСНӨӘС әріптерінене басталуы қажет және т.с.с. Әрі тыныс белгілерін кез-келген жерден қоюға болады. Бұл тапсырманы орындау үшін біздің бес минут уақытымыз болады». (Әңгіменің тақырыбын бермей-ақ қоюға да болады).

Жұмыс аяқталғаннан кейін, әр қатысушы өзінің әңгімесін оқиды. әңгіменің мазмұны талқыланбайды, бағаланбайды, коментарий берілмейді.

Жаттығу ойлаудың нақтылығын және үстірттілігін, икемділігін дамытуға бағытталған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет