33 жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құүрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.
Нұсқаулық: «Қазір арамыздан ойынды бастайтын адам, кез-келген біреуімізге допты лақтырады да, ол адамның қай жерде болуы қажеттігін айтады. Әрі бұл кезде бізге ешқандай шектеу қойылмайды: өз серігіңізді қиялыңыздағы кез-келген жерге жібере аласыз – мұздатқыштың ішіне, көне Грецияға, пальмаға және т.б. допты тосып алғаннан кейін сізді жіберген жерге өзіңізбен бірге ала баратын үш затты атауыңыз қажет. Сондай-ақ басқалар «болып» қайтқан жерлерді және басқалар «атаған» заттарды атамау үшін мұқият болу қажет».
Жаттығу екпінді және көңілді өтеді. Ол қиялды, ойлау ерекшелігі мен икемділігін дамытуға септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |