28 жаттығу. Барлық қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Біздің біреуіміз (кім екендігін кейін анықтаймыз) біраз уақыт есіктің сыртына шыға тұрсын. Ал біз бұл уақытта қандайда бір белгілер бойынша екі топшаға бөлінейік. Белгі көзге көрінетін болуы керек, және бір сәтте топты екіге бөлуі тиіс (мысалы, аяқ киімде бау болу). Құрылған екі топша арасы біршама алшақтық құраған күйде, әр жаққа отырады. Қайтып оралған қатысушы топ қандай белгі бойынша екіге бөлінгенін табуы тиіс».
Қатысушы өзіне берілген тапсырманы орындағаннан кейін, жаттықтырушы тағы бір адамға қандай белгіге байланысты топ екіге бөлінгенін анықтауды ұсынады. Жаттығуды жалғастыруға ниет танытқан қатысушы, есіктің сыртына шығып тұрады, осы уақытта топ басқа белгі бойынша екіге бөлінеді. Жаттығу аяқталғаннан кейін, туындаған қиыншылықтарды талқылауға болады.
Жаттығу бақылампаздықты дамытуға, назар мен ойлауды белсендіруге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |