36 жаттығу. Барлық қатысушылар шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушы таза ақ парақ таратады.
Нұсқаулық: «Ақ парақты теңдей төртке бөліңіз. Қазір біз біраз сурет саламыз. Бірінші шаршыға сіздің бастығыңызбен әңгімеңізді бейнелеңіз, екіншіге – қол астыңыздағы қызметкеріңізбен, үшіншіге - сізбен әлеуметтік және кәсіби тең дәрежедегі адамды, төртіншіге - сіздің көзқарасыңыз бойынша, тамаша (қолайлы) жағдайда басталған әңгіменің басталуын бейнелеңіз. Суретті қабілетіңіздің шамасына қарай салыңыз, ең бастысы суреттің сапасы емес, сіздің нені салғаныңыз».
Қатысушылар суреттерін салып болғаннан кейін, жаттықтырушы оларды шеңбер бойымен барлығы танысатындай, бір-біріне берулерін өтінеді. Суреттер өз авторларына қайтарылғаннан кейін, жаттықтырушы қатысушыларға өз әсерлерімен бөлісуін ұсынады. Талқылау әртүрлі ролдік ұстанымдағы әңгіменің басталуының белгілері мен қалыптасқан ережелерге қатысты, сондай- ақ, байланыс орнатуға бұл жағдайда ненің кедергі жасайтыны, ненің септігін тиетіндігі жөнінде мазмұнды ойларын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жаттығу әртүрлі деңгейдегі басшылар тобында ауқымды деректер береді және жаттықтырушының талқылауды нақты әрі қызу өткізуін талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |