Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары


жаттығу Топ мүшелері екіге бөлінеді. Нұсқаулық



бет49/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

40 жаттығу Топ мүшелері екіге бөлінеді.

Нұсқаулық: Әрбір топшаға қандайда бір сезімді немесе эмоцияны (эмоциялық күйді) таңдап және оны қалай бейнелеуді ойлап табуға 7 минут уақыт беріледі. Ол не мүсіндік бейне, не вербалды емес әрекет болуы мүмкін. Бейнелеуге топшаның барлық мүшелері қатысуы керек. Бірінші топша өзінің бейнелеуін көрсеткен кезде, екінші топша мүшелері қандай сезім немесе эмоция бейнеленгені табады. Одан кейін топшалар өз орындарын ауыстырады».

Топшалар екі бөлек бөлмеде дайындалады. Дайындық аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы олардың біріне өздері таңдаған сезім немесе эмоцияны атамай бейнелеп көрсетуін ұсынады. Екінші топша көреді. Одан кейін екінші топшаға талқылау үшін 1 минут уақыт беріледі және біреуі шығып топтың ойын білдіреді. Одан соң қандайда бір сезімді немесе эмоцияны бейнелеп көрсеткен топшаға, қандай сезімді немесе эмоцияны бейнелегендерін айтуын өтінеді. Одан кейін топшалар ролдерін ауыстырады.

Жаттығуды орындау нәтижесін талқылауды бастай отыра жаттықтырушы топшалардың мүшелері қателік жіберді ме және қандай қателер екендігін негізге алады.

Негізінен, бұл жаттығуда жіберілетін қателіктер төмендегі жағдайлармен байланысты:



  • қатысушылар басқа топша көрсеткен бейнелеуді түсінбеді;

  • қатысушылар бейнелеген сезімдер немесе жағдайды атауға нақты сөз таба алмады;

  • қатысушылар өздерінің бейнелеулерінде эмоциялар мен сезімдердің мазмұнын жеткізе алмады.

Егер қателіктер жіберілсе, талқылау барысында, оның неге байланысты екендігі туралы айтуға болады. Көп жағдайда қателіктер топшалардағы келіспеушілік, басқаларды тыңдай алмау қабілетсіздігінен орын алады.

Егер топша көрсетілген эмоционалдық күйді немесе сезімді дұрыс анықтаған болса, жаттықтырушы «Сезім немесе күйді сіз қандай белгілері бойынша анықтадыңыз?» деген сұрақты қояды. Бұл сұраққа жауап басқа адамдардың жағдайын түсіну үшін өте қажетті болатын адамның вербалды емес нақты көрінісін анықтауға (тізіп шығуға) мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет