Тіл дамыту жаттығулары. Н.Құрманова оқушының тілі дамуы барысына ұжым боп назар аудару керектігі туралы айта келе, грамматикалық бірлікті оқыта отырып. оқушылардың тілін дамыту мақсаты екі арна арқылы жүргізілуі тиіс деп көрсетеді. Олар:
Тілден - сөйлеуге қарай.
Сөйлеуден - тілге қарай [25].
Тілден сөйлеуге қарай үйрету жолын ұстанғанда, синтаксис жүйесінің ішкі тақырыптарын меңгерту сабақтарынан тіл дамыту жұмыстары ажыратылмай жүргізіледі. Ал сөйлеуден тілге қарай жүру схемасы бойынша арнайы тіл дамыту сабақтары өткізіліп, онда «мәтін», «стилистика», «стиль» сөйлеу тілдерінің формалары деген ұғымдармен тығыз байланыс ұсталынады. Тілдік құралдардың барлығы өзінің шынайы қызметін, болмыстабиғаты синтаксис деңгейінде айқын көрсете алатындығы игертіледі. Мысалы:
өтініш айту, талап қою, пайымдау, келіспеушілік, өзі туралы. болғаноқиғалар туралы әңгімелеу, онда тыныс белгілердің қойылуына назар аудару.
Сұрақ-жауапқа құрылған тіл дамыту жаттығуларды тынысбелгілермен байланыстыу.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Құстарға қамқорлық жасаушы бала туралы әңгімеле. Суретте: ағаштаілулі тұрған жемшар, жем шашып тұрған бал, ұшып жүрген торғайлар.
Суретке қара. Әрқайсысының мазмұнына лайық сөйлемдердітөмендегі мәтіннен таңдап ал.
Достарыңызбен бөлісу: |