Пунктуация жазуда ќолданылатын тыныс белгілерініѕ ќўрамын атќаратын ќызметтері мен білдіретін маєыналарын жјне оларды ќолда



бет31/35
Дата29.06.2020
өлшемі379,5 Kb.
#74680
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
ҚабланАяжан курстық жұмысқазақтіл

Түсіндірмелі диктант


Бұл диктант жаңа материалды игерту мен бекітуде жаттығу әдісі ретінде өткізіледі. Сондықтан түсіндірмелі диктантты жаздырудың өзіндік әдіс-тәсілі бар:

Біріншіден, түсіндірмелі диктант жаздыру үшін мұғалім мәтін таңдаудан бастайды. Алынатын мәтінде игертілетін немесе бекітілетін нысан болып, оны ажыратудың қиындығы орташа болады; Екіншіден, мәтіндегі нысан оқушылар игерген әрі ол туралы мәліметі болуға тиіс; Үшіншіден, мәтіндегі нысан нақты, бір мәселе, ереже, анықтама, категория, форманың көлемінде алынады. Өйткені бұлар бірнешеу болса, оқушылардың ойы бөлініп, орындай алмауы мүмкін. Төртіншіден, мәтіннің көлемі шағын болады. Өйткені көлемді мәтінді орындау уақытты алса, екіншіден қайталай беру оқушының орындау ынтасын төмендетеді.

Түсіндірмелі диктант жүргізу жүйесі:

Мұғалім ең алдымен үйретіліп отырылған ереже, анықтама, категория немесе форманың теориялық ерекшеліктерін түсіндіреді, мысалдар келтіреді. Мысалы, жалқы есім сөздер бас әріппен басталып жазылады деген анықтама айтылып, мысалдармен дәлеледенеді.

Соңынан диктант мәтінін оқып, ондағы жалқы есім сөздер таптырылып, талданады. Нәтижеде мәтін оқылып, жазылады.

Бұл диктантта жазған мәтін оқушыларға оқытылып, нысанды оқушының түсіндіріп беруі арқылы да тексеруге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет