177
Назар аудар!
«Абай жолының» 1-кітабындағы барлық тарауы бойынша тапсырма
1. Роман-эпопеядағы әр тарауды оқыған кезде жер-су атауларына мән
беріңдер. Дәптерлеріңе маңызды мәліметтерді жазып жүріңдер.
2. Шығарманы оқи отырып, кейіпкерлерді тізімдеңдер. Сөздікте адам
аттары бойынша берілген анықтаманы пайдаланып, жазушының
кейіпкер таңдаудағы және оларды сомдаудағы тәсіліне мән беріңдер.
3. Тарауларды оқи отырып, өздерің түсінбеген сөздерді іріктеп жазың-
дар. Сілтеме бойынша сөздікте жоқ сөздердің мағынасын анықтаң-
дар. https://kazakh.academic.ru/
Олардың арасында көркемдік құрал ретіндегі сөздер болуы мүмкін
екендігіне де мән беріңдер. Өздерің анықтаған сөздердің мағынасын
сөздік ретінде дәптерлеріңе жазып алыңдар.
4. Бірінші кітаптағы тараулардың атауларына мән беріңдер. Бірінші
кітапты түгел оқып болған соң, әр тараудың атауын сызба түрінде қа-
лай көрсетуге болатынын ойлаңдар. Мәселен, сызбаның бастау нүк-
тесі ретінде «Қайтқанда» деп алып, бұл тарауды сипаттайтын бір сөз
немесе сөйлем жазыңдар. «Қат-қабатта», «Жолда», «Шытырманда»,
т.б. тарау аттарын сызба арқылы қалай жеткізуге болар еді?
5. Кестені толтырыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: