Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті


Сұрақ: Жазушы өз романын қазақ тілінде жазды, бірақ не себепті



Pdf көрінісі
бет46/76
Дата18.10.2023
өлшемі7,03 Mb.
#186331
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar (1)

Сұрақ:
Жазушы өз романын қазақ тілінде жазды, бірақ не себепті 
мазлүма, бейгүнаһ деген бөтен тілдің сөздерін қосқан? 
a) Әсерлі оқылуы үшін. 
b) Қызық көріп жазған.
c) Ғабитхан – өзге ұлттың өкілі, сол себепті оның өз тілін қолдану 
керек. 
2. Өзі айтқан «Құнанбайдың бөлтірігі» – Абай екен.
Сұрақ:
 «Құнанбайдың бөлтірігі» деген нені білдіреді? 
a) жек көріп айтқаны
b) күшігі дегені
c) қасқырдың баласы сияқты күшті бала дегені 
3. «– Біз ата-ананың алдында туысқан болысуға жарасақ, со да жетер. 
Мынандай ажал аузына, қыл көпірдің үстіне ел-жұртты өзі айдап 
келген соң, менен жөн сұрамасын!.. – деген».
Сұрақ:
 «Ажал аузы» деген нені білдіреді? 
a) өмірі қиыла жаздады, өлімнен қалды деген мағынаны білдіретін 
метафора
b) әдемі сөз сияқты қолданған
c) архаизм ретінде қолданған


180
Артық болмас білгенің
Мұхтар Әуезовтің музей-үйі 
Мұхтар Әуезов 1961 жылы 27 маусымда ауыр науқастан Мәскеу қаласында 
қайтыс болды. Көрнекті жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Қа
-
зақстан басшылығы сол жылы 10 тамызда жазушы тұрған үйді музейге айнал
-
дыру туралы қаулы қабылдады. Екі қабаттан тұратын 
бұл үйде жазушы өмірінің соңғы он жылын (1951-1961) 
өткізген. Ал музей-үй ресми түрде 1963 жылы 28 қара
-
шада қызметін бастады. 
Мұхтар Әуезовтің 50 томдық шығармалар жинағы 
Алматы қаласында М.Әуезов атындағы Әдебиет 
және өнер институты бар, осы ғылыми мекеменің 50 
жылдық мерейтойы қарсаңында институттың ғалым
-
дары Мұхтар Әуезов есімін қадірлеп, елу жылдық ме
-
рейтойға жазушының елу том жинағын дайындады. 
Өйткені жазушының көзі тірісінде 6 том шығармалар 
жинағы жарық көрген. Кейін 12, 20 томдық шығармалар 


181
жинағы жарияланды. Бірақ бұл басылымдар кеңес кезінде жарық көргендіктен, 
«Қилы заман» повесі оқырманға жетпеді, ал «Хан Кене» атты драмасы цензу
-
раның кесірінен толық берілмеген еді. Енді 50 том жазушының шығармаларын 
мейлінше толық қамтыған басылым ретінде жинақталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет