Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті



Pdf көрінісі
бет49/76
Дата18.10.2023
өлшемі7,03 Mb.
#186331
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar (1)

Топтық жұмыс:
Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында-
ғы кейіпкерлердің тізімін жасаңдар. Оларды қандай сипаттары мен 
белгілері бойынша топтастыруға болады?
6. «Абай жолы» мен «Қаһар» романдарындағы этнографиялық рәсім-
дерді салыстырыңдар. Олардың қолданылу ерекшеліктеріне мән бе-
ріңдер. 
7. Оқулықта дәстүрлі сөздік мақсатты түрде берілген жоқ. Жазушының 
сөздік қорына мән беріңдер. Қандай ерекшелік байқалады? Архаизм 
бар ма? Мақал-мәтелдерді, шешендік сөздерді анықтаңдар. 
1. Роман-эпопеяның тарау аттарын жазып, кейіпкер өміріндегі әр ке-
зеңге түйінді ой жасаңдар.
2. Абай мен Әйгерім, Әмір мен Үмітей, Құнанбай мен Абай, Базаралы 
мен Дәркембай, т.б. кейіпкерлер туралы TEDx ұйымдастырыңдар. 
1. Ардақ Әмірқұловтың «Абай» фильмі мен роман-эпопеядағы Абай бей-
несінің ұқсастықтары мен айырмашылығын бағалаңдар.


185
Оқу сауаттылығы
1. «– Бұ не ғажап! Гоголь кітапханасына қашаннан бері түйелер жібері-
летін болған? – деді.
Абай бұл кезде кітапханашы қартқа қол беріп амандасып, өзіне ке-
рек кітабын енді атағалы тұр еді. Жаңағы тұрпайы әзілді құлағы 
шалысымен, чиновник жаққа салқын ызамен жалт етіп бір қарады... 
Енді күлкілі мысқыл жүзбен жігітке бұрылды да, лезде жауап қатты:
– Чиновник мырза, түйе кірсе, несі бар, бұнда ол түгіл, есек те оты-
рыпты ғой! – деді».
Сұрақ:
 Роман бойынша, осы жағдай орын алғаннан кейін Абаймен 
танысып, кейін досына айналған кейіпкерді атаңдар.
a) Лосовский 
b) Михайлов
c) Потанин 
2. «Осындай ойын-сауық жиынының ортасында ең қадірлі бір топ қо-
нақ бар. Шет елден келген қонақ. Бұлар – қазір төрдің тап ортасын-
да, жағалай көрпе үстінде, үлкен ақ жастықтарды шынтақтаған сал
серілер. Солардың ішіндегі ең көрнектісі және бар жиынға қадірлі, 
сүйіктісі – мынау қос ішекті домбыраны безілдетіп отырған орта бой-
лы, қызғылт жүзді, кең ақ маңдайлы, нұрлы жігіт. Ол – Арқаға аты 
шыққан, бүкіл Орта жүзді асыл саз, әсем әнімен ұйытқан ...Тобықты 
ішіне сонау алыс Көкшетаудан келген сирек сый қонақ...» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет