Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті



Pdf көрінісі
бет60/76
Дата18.10.2023
өлшемі7,03 Mb.
#186331
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar (1)

Екінші көрініс
Сол перрон. Вокзалға «Қазақстан» пойызы келіп тұрғаны аңғарылады. 
Перронда алпыс жас шамасындағы бір кісі вагонды жағалап жүгіріп жүр. 
Бұл – Билетсіз жолаушы.
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ
 (жанұшыра айқайлап). 
Әй, ағайындар! Прәбәд-
никтер! Мені Сұлутөбеге дейін ала кетіңдерші! Сұлутөбеге дейін! Бір-ақ 
адаммын!
Бір вагонның есігінен Жолсерік келіншек көрінеді.
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Не болды! Біреу бауыздайын деп жатқандай, 
не болды сонша ойбайлап?!
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Қарағым, қарындасым! Сұлутөбеге дейін ала 
кетші!
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Қайдан көрсең осы – ылғи сандалбай қазақ! 
Сыған сияқты қаңғырады да жүреді. Үйлеріңде отырмайсыңдар ма? Билет 
қайда?
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Билет жоқ!.. Билетті енді алайын деп тұр едім, 
депутатпын деп, біреу тап алдымнан қақты да кетті.
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Обалың депутатқа болсын! Билет жоқ болса, 
орын да жоқ, бар, айда!..
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Қарағым! Жүзің жылы жақсы бала екенсің!.. 
Мен түрегеп-ақ барам!
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Жарайды, қанша бересің?
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Бергенде – берем ғой... Өзінің бағасын берем!
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Тапқан екенсің ақымақты!
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Қарағым-ау, оқудағы балама барып... қазіргі 
кезде бала оқыту деген... Бұрын тек оқуға түсерде ғана беретін едік... енді 
ай сайын... сессия сайын... Біресе ақша сұрайды... Біресе соғым сұрайды... 
Тіпті, күріш, консерві сұрайтындары да бар... Бұл институт дегеннің мұ-
ғалімдері әбден құтырды. 


220
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Қазір су тегін оқытатын баяғы коммунизм 
жоқ, ағасы... Айтпақшы, институтқа барған болсаңыз, айдаладағы бұл 
станцияда неғып жүрсіз?
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Осы жерде аталарымыздың ескі қорымы бар 
еді. Жол үсті болған соң, Құран оқи кетейін деп, түсіп едім, қарағым!
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Ха-ха! Міне, қазіргі жұрттың бәрі осындай! 
Біресе күнә жасап, пара беремін дейді, біресе мұсылман болып, Құран оқи-
мын дейді... Адамды өстіп ақымақ қылады. Басты қатырмай, басқа вагон-
ға барыңыз. 
(Вагонға кіріп кетеді).
Сахнаға саудагер әйел шығады. Екі жеңін түріп, басына орамалды 
шарт байлаған. Өлген түйедей үлкен қапты сүйреп келеді. 
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Әй-әй, тоқтаңдар... Тоқтай тұрыңдар!.. 
(Билетсіз 
жолаушыны көріп)
Әй, шал!.. Азамат, кел көмектесіп жібер!..
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. 
(Өзінше айқайлап) 
Ағайындар! Ағайындар! Сұ-
лутөбеге дейін ала кетіңдерші! 
(Саудагер әйелге)
Артық билетіңіз жоқ па?
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Қайдағы билет? Осы күні адам пойызға билет ала ма 
екен? Қане, көтеріс мынаны!..
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Билет болмаса, алмаймыз дейді.
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Неге алмайды? Бұл не, жекеменшігіне сатып алған 
әкесінің пойызы ма екен? Бұл үкіметтің пойызы!.. Халықтың пойызы!.. 
Жүр, қане!..
Екеуі түйедей қапты дырылдата сүйреп, вагонның есігінің алдына барады. 
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Әй-әй, аш!.. Ашыңдар!
Есіктен Жолсерік келіншек шығады.
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Айқайламаңдар!.. Неге айқайлайсыңдар түн 
ішінде?!
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Пойыздан қалып бара жатсақ, неге айқайламаймыз? 
Жолда машинамыз бұзылып, әрең келе жатырмыз.
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Билет... Билеттеріңді көрсетіңдер!..
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Мынау не дейді-ей! Билеті бар адам өстіп түн ішінде 
қап арқалап жүре ме?
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Билет болмаса, кірмейсіңдер.
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Ха!.. Кірмек түгілі, тайраңдап тұрып кіреміз... Қай-
да әлгі жалпақ бас, қисық мұрын бастығың! Шақыр соны!
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Ол кісі демалып жатыр!
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Білеміз ғой қалай демалып жатқанын!.. Былай тұр 
жолдан! Адамның құнын сұрамайтын шығарсың, береміз қанша болса да!..
Үшеуі де кіріп кетеді.


221


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет