https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link
құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат
7-сынып
1.
Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер –
Табиғат құбылыстары
2.
Физика негізінен .... құбылыстарын зерттейді –
Механикалық қозғалысты, жылу,
электр, жарық
3.
Физиканың негізгі мақсаты –
табиғатта болып жатқан әртүрлі физикалық
құбылыстарды зерттеп, оларды өзара байланыстыратын заңдарды ашу.
4.
Физиканың «бірінші ұстазы» атанған гректің ұлы ойшылы –
Аристотель
5.
«Екінші ұстаз» атанған –
біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби
6.
Табиғат құбылыстарын зерттеуде кең тараған үш ғылыми әдіс –
бақылау,
эксперимент, теориялық талдау
7.
Ғылыми деректерді жинақтау үшін қолданылатын әдіс –
Бақылаулар
8.
Физиканың ең басты зерттеу әдісі –
Эксперимент
9.
Табиғат құбылыстарының заңдылықтарын ашу үшін қолданылатын әдіс –
Теориялық талдау
10.
Аспан мегаәлемінің құрылымын зерттейтін ең негізгі құрал –
телескоп
11.
Жинақталған деректермен негізделген ғылыми жорамал –
Болжам (гипотеза)
12.
Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын
заңдарды бір-бірімен
байланыстыра отырып түсіндіретін жүйелі білім –
физикалық теория
13.
Жылдамдығы аз, ірі денелердің механикалық
қозғалысына байланысты
құбылыстарды түсіндіреді –