Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет25/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
81
дың бұл аталмыш жаңалығы Жамбыл ақынның елара-
лық ынтымақты көксеген мәмілегерлігін де аңдатпай 
қоймайды және өмірлік шындықтан алшақ емес. Жам-
был ақын сол кездегі «жаңа заман» шындығына дауа-
сыз сенгенін жоққа шығаруға болмайды. Ол: «Бейнесін 
төрт заманның өзім көрдім, Заманның онан арғы сөзін 
көрдім. Қалмақ хан, Тезек төре, Құдияр хан, Ұсқынын 
Николайдың көзбен көрдім» [3, 128], – деп жырлайды.
Жамбыл сол замандардың қай-қайсысында да ел 
мүддесін қорғап жыр төгеді. Жамбылдың халық ақыны 
атануының бір бөлек сыры осында болса керек. Ақын-
дық өнерінде «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» де-
ген халықтық қағиданы ұстанады. Жамбыл бастаған 
бір топ ақын Ресей патшасы – Романов әулетінің таққа 
отырғанына 300 жыл толуына орай ұйымдастырылған 
той-көрмеде патша тұқымын мадақтап, ояз, ұлықтар-
ды дәріптеуден бас тартып, ақындық өнерді қорлаған 
жендеттерге қарсылық білдіреді. Сонда соққыға жы-
ғылғандардың бірі Жамбыл болады. «Әділетсіз ояздар, 
Ақтаяқты оқталып, Есігінде тұрады. Жазығы жоқ Жам-
былды Төбеден сілтеп ұрады [4,287], – деп Жамбыл 
өлең шығарады. Ел еркесі ақынын сабатып қойып, ұй-
лығып тұрған қазақ байларының дәрменсіздігін бетіне 
басып, Жамбыл «Өстепкеде» деген айыптау өлеңін қа-
лың жұрттың көзінше айтады [4,287]. 
Жамбылдың қай заманда да көрген құқай-қыспағы 
аз болмаған. Осы жағынан ол өз замандасы Абаймен 
тағдырлас екенін ұқтырады. «Абайдың суреті» деген 
өлеңінде: «Терең ойдың түбінде теңізі бар, Тесіле кеп 
қарасаң көңіл ұғар: Сол тереңге сүйсініп жан үңілмей, 
Есіл сабаз ызамен өткен шығар!» [3,217], – деп қа-
мығып, өз жүрегінен де шер төккендей болады. Өлең 
1940 жылы жазылған. Осыған қарағанда, Жамбыл өзі 
ағынан жарылып қуана қарсы алған «жаңа заманның» 
кейбір құбылыстарынан түңілгенге ұқсайды. Бірақ, бұ-
ған дәлел табу қиын. Өйткені, Жамбыл шығармалары 
кеңестік сүзгіден өткізілгеніне күмәніміз жоқ. 
Жамбыл мен Абайдың ақындық қасиеттеріндегі үн-
дестіктер аз емес. Екеуіне ортақ мүдде – ұлт мүддесі. 
Екі ақын ел ішіндегі әлеуметтік қайшылықтарға жаны 
күйзеледі. Тығырықтан шығар жол іздейді. Қытымыр 
байдың қылықтарына күйініп, кедейдің мүшкіл халіне 
жаны ауырады. Абай:
«Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі,
Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?
Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,
О да қылған кедейге үлкен сыйы» 
[5,77], – десе, Жам-
был:
«Сараң байдың үйіне қонақ келсе,
 Қояды кәрі қойын ол ыңғайлап.
Кедей жомарт үйіне мейман келсе,
Жалғыз қойдың тұрады басын байлап» 
[ 4, 29], 
– дейді. Рас, Жамбылдың бұл өлеңі қазақ кедейінің 
жайын күйттеген Ыбырай, Сұлтанмахмұт, Бейімбет 
сияқты көптеген ақындардың, әсіресе Абай өлеңіндегі 
кедей мен байдың бейнесін көбірек еске түсіретін ре-
минисценция болып табылады. А.Ахматованың «Белая 
стая» (1915) өлеңіндегі «қайыршы» реминисценциясы
Бунин, Горький, Блок шығармаларындағы «қайыршы» 
сөзінің тарихи мәнімен, олардың «қайыршы Ресей-
ге» деген сүйіспеншілігін айғақтайтын азаматтық үні-
мен қалай ассоциацияланса [6,267], Жамбыл мен Абай 
өлеңдерінің әлеуметтік мәні де солай шендеседі. Ақын-
ның «Әлемде бір жұлдыз бар» өлеңінде: «Үміт алыс, 


82
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
83
өмір шақ» деген интермәтінді шеберлікпен сыналап 
енгізгенін де көруге болады.
Ақындық пен шешендік егіз өнер екенін Жамбыл 
айтыс өлеңдерінде ерекше танытқаны белгілі. Жам-
был шешендік өнері қанат жайған, фольклоры аса бай 
әлеуметтік ортадан өсіп шыққандықтан, оның ақындық 
әлемі бұлардың екеуімен де астарлас жатқанын дәлел-
деудің қажеті болмас. Дегенмен, Жамбыл поэзиясында 
суырыпсалмалық өнер,ойға жүйріктік, халықтық қағи-
даларды қанат ету, нақыл сөздерді жаңғырта қолдану, 
өзінше афоризм түю, шешендік айшықтар түрінде көзге 
түседі. Мәселен, қазақтың би-шешені: «Арғымақ атта 
жал болмас, Жабы келіп жалымен теңесер. Ақиық ерде 
мал болмас – Жаман келіп малымен теңесер» [1,39], – 
десе, Жамбыл: «Жабы жүйрік болар ма байлағанмен, 
Жасық болат болар ма қайрағанмен? Жамбыл қайта 
жасарып жігіт болмас, Жағасын неше қайта майлаған-
мен» [3,192б], – дейді. Ұлы М.Әуезов өзінің айтулы 
мақаласында, Жамбылдың күнделікті өмір қарым-қа-
тынастарындағы әзіл-қалжыңдарын мысалға келтіріп: 
«Ақындық теңеу тілімен сөйлейді. Бірақ оны келістіріп 
айтқан күнде де ақындық демейміз, шешендік дейміз» 
[4,18], – дейді. Айтқандай-ақ, Жамбыл өлеңдерінің тілі 
шешендік иірім-өрнектерге бай. Жамбыл поэзиясын-
дағы таңбалық жүйенің өзіндік ерекшеліктерін көруге 
болады. Олардың семиозис тұрғысындағы құрылым 
ерекшелігі аңғарылады. Ақын ел басына төнген зұл-
матты жалпылық мәндегі портрет арқылы таңбалай-
ды: «Малы бардан мал алды, Малы жоқтан жан алды. 
Аралдағы қояндай, Ел топанға қамалды» [4,65].
Тығырыққа тірелген ел сиқы – «аралдағы қояндай». 
Жамбылдың шамырқанған ойынан туған – әрі шынайы, 
әрі жанды бейне. Ақын «үріккен қойдай» деген сияқты 
дәстүрлі теңеулерді қолданбай, өзіндік соны сурет сала-
ды. Жалпы, ақынның «Толғау» жыры тұтастай алғанда 
градацияға негізделген риторикалық-публицистикалық 
стильге құрылады.
Алайда, шешендікті қоғамдық қайраткерлікпен, кү-
рескерлікпен жалғастырар болсақ, Жамбылдың аза-
маттық даусы, ұлт мүддесін қорғаудағы қайраткерлік 
қажыры 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы тұсын-
да айтқан өлең-жыр, толғауларынан айқын танылады. 
«Халықтың еркі кетті баласынан,
Сөзімнің ғибрат ал сарасынан. Ақ патша бұйрық 
қылды солдат бер деп, Он тоғыз-отыз бірдің арасынан. 
Осыған тірі отырып көнеміз бе, Іріктеп бар боздақты 
береміз бе?! Болмаса елдік қылып, тізе қосып, Батыр-
ға қол бастаған ереміз бе?!» [4, 57]», – дейтін өлеңінің 
публицистикалық қуат-күші ерекше. Бұл – Жамбыл 
өлеңіндегі күрескерлік идеясының көрінісі. Жамбыл 
Ақтамберді, Қазтуған, Махамбеттердей жауынгер-жы-
рау болмағанмен, қозғалысқа, күреске (ұлы отан соғы-
сы жылдарындағы өлеңдері) қашанда дем беруші бол-
ғанын білеміз. Ақын «Толғау» жырында патша соғысын 
мақтап-жақтамағаны үшін байлауға түскенін: «Ақын, 
жыршы топырлап жеті жаттық, Түсінгенім болмады 
мүлде менің, Ұстаған қанды тырнақ елді қысты, Кім 
болмақ ызаланса елден күшті?!» [4,65], – деп, «хан – қа-
йық, халық – теңіз» деген халықтық қағиданы ескерте 
сөйлейді. Би-шешендерше ширыға сөйлеп, айтар сөзін 
риторикалық сұрақтармен қайырады. «Бесігі – тау, ана-
сы – ел» деген жырында: «Жер байлығы болмаса, Жер-
ден алтын шығар ма? Ел қамын ойлар болмаса, Ерден 
ақыл шығар ма? Теңіз терең болмаса, Түбінен інжу те-


84
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
85
рер ме?! [3,190], – деп толғайды. Бұл жолдардағы «ж» 
және «т» дыбыстарының аллитерациясы, «е» дыбысы-
ның ассонансы ғана көркемдік үстеп тұрған жоқ, «ал-
тын – қамын – ақыл» сөздеріндегі буын үндестігі мен 
өлең жолдарындағы а, е сияқты тұтқа дыбыстардың да 
қызметі ерекше екенін тануға болады.
Жырауларша ел басында болған тарихи оқиғаларға 
дер кезінде үн қатып, халықты күреске үндеп, дүние, 
өмір жайлы толғауы Жамбыл ақындығының жырау-
лық өнермен қанаттас екенін аңғартады. «Жаратылыс 
сыры» деген толғауында:«Асқар тау ғаріп емес пе, Ай-
дынды көлі болмаса. Ер жігіт ғаріп емес пе, Белгілі 
елі болмаса...» [4,55], – деп жырау-шешендер дәстүрін 
жалғай келіп, оған да өз өрнегін қосады. 
Ақын батырлық жыр дәстүрін түлетіп қойған жоқ, 
фольклордың жұмбақ секілді басқа да жанрлары 
үлгісінде өлең өнерін дамытты деуге болады. Мәселен: 
«Туған айдай дер едім, Түнде бар да күндіз жоқ. Жан-
ған күндей дер едім, Күндіз барда түнде жоқ» [3,337] 
немесе «Тауды көрдім дегенім –Тау емес екен, дөң 
екен. Өзен, көл көрдім дегенім – Көз жасынан сел екен» 
[3,45],-деген жолдар соның айғағы.
Сонымен, о баста айтқанымыздай, Жамбыл авторлы 
ауыз әдебиетінің өкілі екеніне талас тудыруға болмаса 
керек. Өйткені, Белинскийдің айтуынша, фольклорда 
әйгілі есімдер болмайды, фольклордың авторы – ха-
лық[1,625]. Жамбыл әралуан фольклор жанрларына тән 
сөз өрнектерін, жыраулық, шешендік өнерге тән дәстүр-
лер мен көркемдік құрылымдарды терең игеріп, ақын-
дық шығармашылықпен дамытқаны белгілі. Демек, 
Жамбылдың ауызекі суырыпсалмалық өнерге негіздел-
ген поэзиясы жыршы-жыраулық өнермен ғана емес, 
шешендік шеберлік үлгілерімен де ұштасып жатқанын 
пайымдауға болады. Олар түптеп келгенде, ақынның 
отты өлеңдеріндегі – көркемдік келісім. Ұлы сүре ақын 
атанған Жамбыл поэзиясындағы барша сипаттар оның 
көркемдік әлемінің көз жетпес көкжиегін айқындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет