Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет46/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
159
дырған ауыл адамдарының «маңқиған, семіз өгіздер 
сияқты»/1,11/ сатиралық әуенмен көмкерілген типтік 
мінездемесі, жарлы-жалшылардың біріктірілген порт-
реттік пішіндемелері жалпы портреттік суреттемелер 
санатында қарастырылады. Осы орайда, зерттеуші 
«кейіпкерлерді тұрмыстық, эпистемиологиялық бағда-
ры бойынша тұтастықта, жіктей тану мақсаты басым» 
екенін бағамдайды/1,12/. Демек, бұл тұста пішінде-
менің бір түрі – топтық портрет үлгілері сараланады. 
Жалпы портреттік суреттемелерде дәл штрихтар беріл-
генімен, олардың даралық қасиеттері танылмайды. Ал, 
романдағы жұпты портрет-характерлер деп паң Нұр-
мағамбет пен оның әйелінің, Нұрмағамбет пен Шоқай 
болыстың, Колчак пен Анненковтың әліптемелерін 
айтуға болады. «С. Сейфуллин алғашқылардан надан 
күпірлікті басқа қасиеттерінен бұрын сезсе, соңғыла-
рынан жан алғыш әзірейілдей жендеттікті негізгі сапа 
деп түйеді, түпкі таным, мінез қырларын жинақтап 
бедерлеуге ден қояды»/1,20/. Романның бас кейіпкері 
Сәкенің өз кескіндемесі замана келбетін, уақыт сал-
ған ауыр таңбаны көрсетуімен бағалы ғана емес. «Бұл 
– жинақтаушылық мәндегі, рефлексивті бояуы қанық 
портреттік сегмент»/1,21/
Әрине, Сейфуллин дәстүрін жаңа сапалармен байы-
туда С. Мұқановтың «Ботагөз» романының үлесі аз 
емес. Зерттеуші әдеттегі психологиялық параллелизмге 
С. Мұқановтың портреттік мінездемені қосатындығын 
ерекше атай келіп: «Портреттің динамикалық табиғаты 
бет-жүздегі бояу, емеуріннен емес, автор ықыласына 
тән мағыналық реңктерді ашатын сыртқы әрекеттердің 
жан айнасымен сабақтастығынан артады»/1,24/,-деп 
тұжырымдайды. Романда Ботагөздің Асқар көзімен си-
патталуын зерттеуші жаңашыл нысандар бағдарында 
түсіндіреді: « Ал Асқар адамның сырт пішінінен әлеу-
меттік-тұрмыстық, физиологиялық, антропометриялық 
сипаттардың характер танытқыштық мәнін іздестіреді. 
Адамның бет-әлпетіне тұтастық фокусын беруде мәні 
мол мүше – мұрынға қатысты арнайы тоқталу, биоло-
гиялық фактілер сырына орай психологиялық ассоциа-
циялар құбылысын барлау арқылы жазушы субъектілік 
сфера мен объективті шындықтың байланысын сенімді 
бейнелеу талабы нәтижесінде қабылдаушы қаһарман-
ның ой-өріс, тәрбие, дүниетаным табиғатын ашқанын 
дәлелдейді»/1,26/.
Б. Майтанов «Портрет поэтикасында» З. Шашкин, 
Х. Есенжанов, Ә. Нұрпейісов бейнелеген әйелдер 
кескіндемесінен эмоционалды-трагедиялық әуендерді 
де, әліптемедегі дәлдік пен нақтылықты да таниды. 
Пішіндік таңбаларға айналып соғып отырудың осы ав-
торларға ортақ тәсіл екенін де аңғартады.
Зерттеуде XX ғасырдың 60-80 жылдарындағы қазақ 
тарихи романдарында көркем портреттің психофизиог-
номиялық параллелизм жасаудағы ерекшеліктері ба-
ғаланады. Мәселен зерттеуші: «Мақан Жұмағұловтың 
«Қыран қазасы қияда» романында сан алуан портреттік 
деталь, штрихтар кейіпкердің эмоционалды толқу не-
месе шығанға жеткен аффективті мезеттерін шына-
йы қамтиды»/1,63/,-деп жазады. Аталған шығармада 
Амангелді Иманов образы сын сағаттардағы ірі іс-қи-
мыл, әлпет көріністері негізінде толымды бейне бе-
дерін иеленеді. Жазушы портреттік суреттемеде адам 
көзінің психологиялық қызметін ғана барлап қоймай, 
адам кейпінен көрініс табатын әртүрлі әдет-дағдылар-
ды да бақылайды. Мысалы, Амангелдінің «тісін шы-


160
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
161
қырлату», «алақанымен бетін сүртіп, маңдайын тыржи-
ту» т.б./1,65/.
«Портрет және этномәдени дәстүр» тарауы М. Әуе-
зовтің «Абай жолы» эпопеясындағы кескіндеу өнерінің 
қилы қырларын танытуымен құнды деуге болады. Зерт-
теушінің өзі де бұған айрықша құштарлық танытып: 
«Мәселен, бізді М. Әуезов қаламынан туған портреттер 
галареясының ғажап әлемі керемет тарихи-этнография-
лық, философиялық әрі сұңғыла психологиялық мәні-
мен қайран қалдырады»/1,75/, – деп жазады.
Белгілі зерттеуші Б. Майтанов Әйгерім портретіндегі 
тарихи, физигномиялық деректердің нақтылығына ғана 
назар аудартып қана қоймай, эпопеяның «Қоршауда» 
тарауында суреттелетін медик-антрополог ғалым Пав-
лов мол тәжірибесі арқасында Ақылбай, Баймағамбет, 
Пәкизат, Дәрмендердің дара бітімдерін жалпылық нұс-
қамен салыстыра таниды. Зерттеушінің пайымдауын-
ша, М. Әуезов генетика ғылымының қағидаларын да 
сана қыртысында ұстайды/1,76/.
М. Әуезов сол замандағы адамдардың киім киіс, 
жүріс-тұрыс ерекшеліктерін сипаттау арқылы да этног-
рафиялық мәні мол портрет үлгілерін жасағаны мәлім. 
Зерттеуші: «Көп сөзділікке бармас үшін жазушы Даған-
ды Керейінің «шекпен», «тымақ» тігісін анықтап өтеді. 
Бұл –әр елдің өкілін қатесіз, айтпай ажырататын то-
темдік сипаттағы мәдени-материалдық таңбалар»/1,78/, 
– дейді.
Зерттеуші «Абай жолы» романындағы портрет жасау 
шеберліктерін пайымдайтын еңбектердің барлығы пси-
хологиялық характер сырына үңілетініне назар аудар-
май қойған жоқ. Сондай-ақ, бала Абай көзімен мүсін-
делетін Құнанбай портреті де көпшілікке танымал 
екені рас. «Л.Толстой шығармашылығындағы терең 
психологизмді ардақтай білетін М. Әуезов ұстазының 
қайсыбір бейнелеу тұғырнамасын портрет өнерінде де 
пайдаланады»/1,91/ Мәселен, сұлуды сүйкімсіз етіп, 
өңсіз адамды жылы шырайда көрсету өнегесі. Құнан-
байдың қасындағы қой көзді, сұлуша Майбасарды әре-
кет-қылығына байланысты ұнамды кейіпте кескіндеуге 
құлықсыздық танытатыны анық.
Романда топтық портретке Бөжейдің қаралы көшін 
алуға болады. Көш суреттемесінің этнографиялық сипа-
ты мол. Бұл жөнінде зерттеуде толымды тұжырым ай-
тылады. Топтама пішіндемеге жалғас көш қауымы ор-
тасындағы Тоғжан бейнесі сұлбаланады. «Бар құбылыс 
Абай көзімен қабылданатындықтан, үзілімнің психо-
логиялық, эстетикалық әсері арта түседі. Бұдан кейінгі 
сәтте ғашық жүректі болашақ ақын Тоғжан үні мен бұ-
рымын, әйгілі шолпысының сылдыры мен қыздың атқа 
отырған, жоқтау айтқан кейпін рекше аялап, қадірлі Бө-
жей қасіретімен бірге өз махаббатын қоса толғап, тебі-
ренеді. Жазушы кейіпкер әлемін ашу үшін ортақ төл сөз 
үлгісіндегі стилистикалық тәсілді пайдаланған. Тоғжан 
үнін барлайтын Абай толғанысын автор әдеттегі үшінші 
жақтық баяндау арнасын өзгерте түрлендіреді («Шын 
Тоғжан үні ме? Жоқ, басқа қыздыкі ме?»)/1,96/ Міне, 
бұндай талдаулар портрет құрылымын зерделеудегі жа-
ңашыл нысандар қатарынан табылады.
«Әйгерім үніндегі сәнге Ділда даусындағы жағым-
сыздық қарама-қарсы алынған»/1,101/. Зерттеуші мұн-
дай психологиялық тәсілдерді жазушы Л.Толстойдан 
үйренгендігін байыптайды.


162
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
163
Романда салыстыра суреттеу амалы Оразбай – Да-
нияр, Мәніке – Қаражан, Зере –Ұлжан пішіндемелері-
нен айқындалады.
Зерттеу авторы «Абай жолында» М. Әуезов дарыны-
ның тұлпар шабысын айғақтарлық мысалдар кескіндеу 
өнеріне қатысты асып-төгіліп жатыр»/1,112/ дей келіп,
портрет адам бейнесіне қатысты метонимиялық құбы-
лыс, бірақ көркемдік тұрғыда толымды құбылыс. Ол 
– жаратылыстың шеберлігіне, өмірдің күрделі табиға-
тына тәнті қылатын, тарихи мәні зор эстетикалық, эмо-
ционалды-психологиялық, пластикалық, антропомет-
риялық құндылық»/1,123/, – деген тұғырлы тұжырымға 
келеді.
Көрнекті әдебиеттанушы Б. Қ. Майтанов портрет 
поэтикасын қазіргі әдебиеттанудың даму бағытындағы 
жаңашыл нысандар тұрғысынан зерделегеніне айқын 
мысалдар, нақты дәйектер арқылы көз жеткізгенін па-
йымдауымызға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет