188
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
189
дығын
байқатқан, өзі де сын саласында қалам тербеп
жүрген замандасының динамикалық портрет берудегі
қарымының қарпуы осал еместігіне іштей риза болса
да, кемшілікке келгенде «кең болсаңға...» жол бермеуді
қашанда жөн санайтынын аңғартады.
Жинақ авторының «Қазақ әдебиеті» газеті бетінде
жарияланған осы іспеттес бір мақаласы «Атың адам
болған соң...» деп аталады. Мақалада жазушы Н. Қа-
зыбековтің «Ағайын» атты повестер мен әңгімелер
жинағындағы ізгілік,
адамгершілік мәселесі, таныс-
бейтаныс жайы сөз болады. Кемшілігін көп ашқанмен,
әңгімелері көңіл толтыратындығын айтады. Ал, повес-
терін әлі де пісіре түсуді ескертеді. Бұл кезеңде өзі де
қалыптасу үстіндегі жас сыншының албырт ойларына
аға толқын аса алаңдамаса да, алмастың жүзіндей жарқ
ете қалған пікірі еріксіз ес жиғызғандай еді. Қазір әде-
би сын осындай шынайы сынға қат боп отырған сыңай
танытады. Бұл күнде ғылымның да, сынның да қиырын
шолып, толысқан тұста Қанипаш Қайсақызының сыни
толғам мен тоқтам айтуда ақ сөйлеуден жазбаса екен
дейміз.
«Адам іздеген бақыт» жинағына енген «Өмір мен
көркем шындықтың арасы» мақаласында белгілі жа-
зушы Молдахмет Қаназовтың әдеби бәйге иеленген
«Чика –Дабылдың баласы» повесінің көркемдік сипат-
тары ашылады. Негізінен Арал тағдырын өзек еткен
шығарма туралы мақала авторы: «Повесть ауыр кезеңді
суреттесе де, жазушы оны қуақы юмормен жазып шық-
қан. Чика – бір бақыты кемдеу халық перзенттері тура-
лы» – дейді. «Арна» повесі жайында: «Сағын шүпіл-
деп тұрған проблеманың ортасында жүр. Арал туралы
проблеманы жазушы баяғыда-ақ құлаққағыс еткен.
«Арна» -қоғамның рухани
ахуалына батыл бойлаған
шығарма» – дейді. Қаназовтың және бір көтерген проб-
лемасы –әйелдер өмірі, ене-келін жайы («Суық көлең-
ке») екенін, Жанзиядай мейірімсіз келіндердің отбасы-
на ғана емес, қоғамға да, әсіресе бала тәрбиесіне көп
кесапат әкелу қаупін бажайлауымен маңызды екенін
бағалайды. Автор М. Қаназовтың суреткерлік жайына
ойыса келгенде: «Шеберлік пен шындық қатар шапқан-
да ғана көздегеніңді іліп түсесің» – деген байлам айта-
ды. Сыншының көзі қырағы, М. Қаназовтың бала тілін
жақсы білетіндігін таниды. Жазушының «ахахуға көп
әуес емес» байыпты мінезіне сай жазушылық мұратын
да сөз етеді. Пікір иесі бұларды да шығармашылық-
тағы ұсақ-түйек нәрселер деп қарамайтынын білеміз.
Дегенмен, мақала авторы жазушыны кіл мақтаудан ау-
лақ. Өткенді жандандыру қандай қиын. «Саяқ» деген
шығармасы сынға ұшырады. «Жетінші класы...» көпті
таңдандырды. Шебер жазушы. «Егіліп езілмей-ақ, ас-
қақтап аспандамай-ақ, бүйіріңді бүлк еткізеді», – деп
жазушының кейіпкерлерін Шукшин әпенділеріне, Хе-
мингуэй, Пришивиндердің жазу мәнеріне ұқсатады.
«Өз шындығы бар, адал жазушы, құр еліктеуші емес»,-
деп бағалайды. Қанипаш Қайсақызы аталған мақалада
ғана емес, қашанда оқырманды әдебиеттің ұлы мұрат-
тарына баулудан танбағандықтан: «Әдебиеттің мұра-
ты –адамды пендешіліктің тоты баспаудан арашалау.
Әдебиеттің мақсаты адам атты құпияның ішкі-сыртқы
әлемін, пиғыл-ниетін астастыра айшықтау, ашу», –жиі
ескертіп отырады.
«Жылаған теңіз жоқшысы»
мақаласында Қанипаш
Мәдібаева 80-жылдар әдебиетіндегі теңіз тақырыбын
тілге тиек етеді. Сол кезеңде жас жазушы саналған