Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет55/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
191
Қуаныш Жиенбаевтың « Жалғыз желкен», «Теңіздегі 
бір тамшы», «Құлан жанарындағы ғұмыр» жинақта-
рын талқыға салады. «Әдебиетке тек қана теңіз деп 
келген бір жігіт бар еді» деп сөз суыртпақтаған мақала 
авторы, жас жазушының әдебиетке «қолайсыз, өнімсіз 
жылдарда» келіп, қалыптасқандығын айтады. «Оның 
негізгі тақырыбы –адам, қоғам, табиғи апаттар. Қуа-
ныш уақиғаның шешіміне, даму барысына байланысты 
кілт бұрылыстар жасауымен оқушыны оп-оңай алып 
түседі» – дейді. Сондай-ақ Қ. Мәдібаева жазушының 
«алғашқы әңгімелерінде жүректегі бар қыжыл, бар 
сезімді шеберлікпен түсіру жағы жетпей жататын» 
ашық айтып өтсе, енді бір тұста оның «әлдекімдердей
ділмарсымай, пәлсапа соқпай, қарапайым жазатыны-
на» көңіл тоқайтады. Кейде марқайта мақтап отырып 
та, орып түсуден тайсақтамайды. Ондайда кітап бет-
терінен мысал келтіріп, дәйектеп отырады. Мұндайда 
жазушының тырп ете алмасы анық. Қ. Жиенбаевтың 
«Жалғыз желкен» кітабының «сылбыр оқылатынын, 
драматизм шықпай қалғанын, әрі-сәрі тіркестер көбірек 
болып келетінін» бүкпесіз айтады. Дегенмен, «адам та-
биғатының мың-сан құбылысы «Теңіздегі бір тамшыда 
көрінеді» деп, Қуаныштың «өз соқпағын іздеген жас 
жазушы екенін, қалам қитұрқысы артып келе жатқаны-
нан» үміттенеді.
Қ. Мәдібаева 80-жылдарда әдебиетке келген жазушы 
Жәлел Кеттебековті әуеден-ақ жас дарын деп бағалаған 
еді. Қашанғы әдетінше, автор оқырманға нашар шығар-
ма сықпыты қандай болатынын айтып алады. Жас жа-
зушының «Балалық шақпен қоштасу» деген кітабын 
қолға ала отырып, жазушыда ізденіс мол екенін байқай-
ды. «Кітап бала сезімімен, қиялымен, түсінік-түйсігі-
мен адам тірлігінің мәніне деген үлкен сауалға жауап 
беруге тырысады»,-деп автордың баяндау ерекшелігі-
не көңіл аударады. Автордың айтуынша, шығарманың 
кейіпкері Балташ – бала. «Шығарма тілі аса жанды
тың теңеулерге толы. Автор дәстүрлі әдіс, қолданыстан 
қашқақтайды. Бала жанына, таным психологиясына 
сәйкес тіл қолданысын ауыстырып қолданады. Ғашық-
тар жаны адамды сендіреді. Өзім солай болып едім деп 
қаласың»,-деп шығармадағы ғашықтар халін суретте-
ген тұстардан мысал келтіреді. «Биғара жырау Балташ 
үшін ұлы адам. Романда Балташтың нағашы әжесі де 
керемет адам. Жазушы адам бойындағы психология-
лық, әлеуметтік өзгерістерді астастыра суреттейді. Ба-
лалық шақпен қоштасу жеке Балташқа ғана емес, жал-
пы адам баласына тән. Үшінші жақ пен бірінші жақты 
астастыра, баланың көңіл-күй сезіміне қарай құбылта 
суреттелген шығарма тартымды оқылады. Балалық- да-
налыққа бастар жол, оны ұмытпа дейді жазушы. Шы-
ғарма жанрын сатиралық роман деу қисынсыздау. Күн 
құдайы дегенше қазақ аңыздарына сүйенгені жақсы 
еді.»,-деп шығарманың маңызын да ашады, кемшілігін 
де атайды. Ж. Кеттебеков, С. Асылбеков, М. Асылға-
зин әңгімелері туралы пікірлері «Адамның кейбір сәт-
тері» мақаласынан да орын алды. Қ. Мәдібаева аталған 
рецензияда: «Серік те, Мейрам да, Жәлел де адам бо-
йындағы тіршілікті сезіну, сүю құдіретінің құпиялары-
на бойлауды, бойлатуды көбірек қалайды. Қарапайым 
«кішкентай» адамдардың тағдырмен тайталасын көр-
сетеді. Жәлел әңгімелерінде оқиға жоқ, тек диалогқа 
құрылған. «Сағыныш» әңгімесінен Сайын, Қажығали, 
Тынымбай мәнері танылады. Адам жанын зерттеу жағы 
әлі жетіспей жатыр», – деп адам жаны проблематикасы-


192
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
193
на, жаңғыру, жарылу проблемасына, формалық ізденіс-
терге, стильге қатысты соны пікірлер тұжырымдайды.
Қ. Мәдібаева прозаға ғана емес, поэзияға да қатысты 
әдеби сын мақаларды дер кезінде жазып отырды. «Өлең 
өзегіндегі өмір» деген мақаласында белгілі ақындар-
дың бірі Бақыткерей Ысқақтың өлеңдері жайлы қозғай-
ды. Ақынның «Өлеңнің тууы» атты жырын талдайды. 
«Ақын өлеңге өкінішін құяды. Арғы ата-бабаның тарих-
тағлымы, замандастың жан әлемі көрінеді» – деп ақын 
өлеңдерінің тынысын сезеді, поэтикалық тәсілдерін 
айқындайды. Х. Ерғалиев сынды ақынмен қатарлас-
тыра қарап, «сәулелі тікестеріне» мән артады. Мақала 
авторы: «Б. Ысқақтың «Жұрттағы үйі» – ауыл азасы», – 
деп, ақынның «адамдық таза қалпымен ғұмыр кешкен» 
жан екенін әспеттейді. Бақыткерей ақынның «өзіндік 
көркемдік танымы, жазу тәсілі, отты, ойлы орамдары» 
хақында ой толғайды. «Жүрекпен сөйлейтін» ақынның 
«өмір бойы жырланып келе жатқан теңізді көру, сезі-
ну, оның суретін салу шеберлігі – назар аударуға тұра-
тын тәсілдер» деп жазады. Сондай-ақ, Қ. Мәдібаева: 
«Домбыраның дауысы» сынды елдік рухпен суарылған 
өлеңдерінде тосын астастырулар аз емес. Оның Бек-
зат Саттархановқа арнаған поэмасы- көкейтесті күй. 
«Мұздай шындық» өлеңін де әлеумет жайы шырмаған. 
Ішкі ұйқасқа құрылған өлең, ұйқассыз өлең түрлері, 
қос тармақты қайырымдар, он бір буынды болғанмен, 
ырғағы, бунақтағы буын санының орналасу реті Бақыт-
керейде бар. Тәртіпке бағынбай жатқан шумақ, түйдек-
оның өлеңдерінің ерекшелігі. Болбыр оқылатыны да 
бар. Ағылып келетін құнарлы оралымдар оның өлеңіне 
поэтикалық қуат береді» – деп өмірі «өлеңге байланған 
ғұмырдың шын таза болмысын көрсеткен»,-деп ақын 
өлеңдерін талдауға көшеді. Бұл тұстағы Қанипаш Қай-
сақызының өлең құрылымы жайлы тұжырымдары сын-
шының әдеби-ғылыми теориялық білімінің тереңдігін 
айқындайды. Оның басқа да ғылым-теориялық мазмұн-
ға ие сын мақалаларының қатарына аталмыш жинаққа 
енгізілген Ж. Нәжімеденов, Д. Әшімханов, Р. Мұқанова 
секілді көрнекті жазушылар мен ақындар жайлы басқа 
да сыни әлеуеті жоғары туындыларын атауға болады. 
Алайда, біз оларды интерпретациялауды саналы оқыр-
манның өз еншісіне қалдыруды жөн санадық. 
Десек те, қазақ сын өнерінің өз бағындырған биігі, өз 
өресі мен өрісі бар, сыншыға қояр талабы да қатал, зор 
екені белгілі. Сол ұлы өрісте өз жолымен ғана жүріп, 
үнсіз ғана іс тындырып келе жатқан адал да еңбексүйгіш 
жанның бірі –Қанипаш Мәдібаева. «Адам іздеген ба-
қыт» атты бұл сын мақалалар жинағы оның ғалым-ұс-
таз ғана емес, әдебиет сыншысы екенін айғақтайды. 
Кәсіпті, өнерді үйренуге, тынымсыз еңбек арқасын-
да ғалым дәрежесін иеленуге де болады. Ал, шынайы 
жазушы, сыншы атану әркімнің қолынан келе бермесі 
анық. Рас, «өнерді үйрен..» десек те, жазушылық үй-
ренуге болмайтын өнер болып табылады. Өйткені, 
өнердің бұл тектес түрлері табиғи дарыннан туады. Сол 
жазушылық өнердің құпия сырларын тануға келгенде, 
жазушының өзімен иық тірестіре алатын тең тұлға – 
өз заманының озық ойлы азаматы әдебиет сыншысы 
болса керек. Өнер туындысының көркемдік құпиясын 
ашу, оның шынайы заманауи бағасын беру міндеті сын-
шыға жүктеледі. Сондай орасан зор міндетті атқаруда 
сыншының эстетикалық талғамының деңгейі таныла-
ры анық. Эстетика ілімі бойынша, талғам ұғымы, оның 
болуы мен болмауы, дамып жетілу дәрежесі эстетика-


194
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет