Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет52/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
179
жайлы: «Тіршіліктің мың-сан әуені бұғып жатқан бұла 
дарынды түртіп оятып, жаны тыншымай жазуды баста-
ған» дейді. Жансыз, дерексіз құбылыстарға жан бітіре 
суреттеген сыншыны осындай тұстарда өзі кейіптеген 
жазушының жан әлемімен тұтастыра танисың. Сірә да, 
бұл оның жазушылық өнердің қыр-сырын жетік біліп, 
оқып-тоқып, зерттегенінен емес, өз бойында да бір 
күштің бұғып жатқаны ма деп қаласың? Ол Қ. Мәді-
баеваның тағы да өнермен өрелес түсіп жататын сын-
шылық қыры демеске болмайды.. Осы мақаласында өзі 
де: «Оқу-тоқу, үйрену-еліктеу деген бойда қуат болмаса 
– бос сөз» деп Серік «кейіпкеріне» қаратып айтқанмен, 
автордың өз болмысын да көреміз. 
1990 жылдардан бастап, Әл-Фараби атындағы Қазақ 
Ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, до-
цент қызметтерін атқарған Қанипаш Қайсақызы Мәді-
баева бүгінде филология ғылымдарының докторы, про-
фессор. Дегенмен ұстаз-ғалымдардың барлығы бірдей 
әдеби сынға араласып, баспасөз мінберінен жиі көрініп 
жатқан жоқ. Расында, қанша оқып-тоқығанымен та-
биғатынан дарыған сөз өнеріне деген өміршең сүйіс-
пеншілігі өнер өрісіне бастағаны ма..
Бүгін таңда Қанипаш Мәдібаева талғампаз оқыр-
манға ұсынып отырған сын мақалалар жинағын «Адам 
іздеген Бақыт» деп атады. Бұған дейін де университет 
студенттеріне арналған ондаған оқулықтар мен оқу құ-
ралдарын, кандидаттық, докторлық диссертация жаз-
ған Қанипаш Мәдібаева сонау Жанақтан бергі ақын-
жыраулардың шығармашылығынан бастап Мағжанға 
дейінгі поэзияның көркемдік кеңістігіне поэтикалық 
талдау жасаған «Өрісті өнер» (2014) атты моногра-
фиясы жарық көрді. Ал, әдебиеттанушы Қ. Мәдібаева-
ның «Қолтаңба» деп аталатын еңбегінде М. Әуезов, Х. 
Сүйіншәлиев, Н. Келімбетов, Р. Нұрғали, Т. Кәкішев, Б. 
Майтанов, А. Қыраубаева, С. Қирабаев сынды т.б. ға-
лымдардың ғылыми портреті жайлы мақалалары жи-
нақталды.
Иә, Қанипаш Мәдібаева замандасы қаламгер Серік 
Асылбекұлы жайлы жазғанда ғана емес, қай жазушы-
ны қаламына іліктірсе де, қиял қанатына қалай мінгенін 
өзі де байқамай қалатын болса керек. Ол қиял арқылы 
жазушының жан әлеміне еніп, ол көргенді өз көзімен 
қайта көріп, сана көзімен сан рет саралап, салмақтап 
барып, сары алтынын екшеп алып, «артығы» жайлы 
«ар алдында өзі жауап бергендей» арлана жазады. Өйт-
кені, ардың ісі.. Алайда, кемшіліктің өзін біліми негізде 
дәлелдеп, майдан қыл суырғандай етіп жазуы сыншы 
мәдениетін танытады емес пе? 
Қанипаш Мәдібаева аталған мақаласында жазу-
шы Серік Асылбекұлының «Кешігіп қайтқан тырна-
лар»(1981), «Оттан да ыстық өмір» (1984), «Мұғалімдер 
күні» (1986), «Сағыныш» (1994), «Ата жұртта»(1996), 
«Түнгі қаланың әні» (2005) жинақтарына енген шығар-
маларының көпшілігінде ауыл өмірі суреттелгендіктен, 
бүгінгі ауыл жайлы өзі де өзгеше интерпретация жасай-
ды. Ауыл өмірін суреттеген шығармалар туралы осы 
күнге дейінгі сыни мақалалардағы таптаурын болған 
пікірлерге бой алдырғысы жоқ. Ауыл жайлы жазылған 
шығармалардан соны суреткерлікті көргісі келгенін 
байқатады. «Иә, ауыл–қазақтың мызғымас тұғыры. 
Әлемдік қауымдастықтың төлтума сипатты тарихи ка-
тегорияларының бірі. Қазақы болмыс, ұлтжандылық, 
ұлттық бітім алдымен ауылда қалыптаса бастайды»,-
деп жазады. Сол ауылдан шыққан өрен азамат жазушы 


180
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
181
Серік Асылбекұлы «ежелгі Жойқын дарияның мың-сан 
иінінің бірінде қонақтап ғұмыр кешіп жатқан шағын 
бір ауылдың таңы мен түн қараңғысын, тал түсі мен 
кешқұрымын тұтас қармап алып, жарық дүниенің қас 
қағым сәтінен баян тауып күліп-ойнап, қуанып, мұңа-
йып, бір толып, бір орта түсіп, маңдайға жазған тағды-
рын кешіп жатқан адам өмірін алақандағыдай анық су-
реттейді.» Қанипаш жазушының шеберлігін «шынайы 
суреттейді» деп бір ауыз сөзбен қайыра салса, қазіргі 
оқырманның қайсысы да тұщына қоймас еді. Жазушы 
жайлы жазыла сөйлеуіне шығарма шымырлығы түрткі 
болғанмен, Қанипаштың қара сөздің қайнарынан қа-
нып ішкендігі осылайша тізгін бермей жататыны бар. 
Қазіргі қат-қабат тіршілік майданында қапылып жүрген 
оқырманның жанын жылытар осындай күлтелі тілмен 
көмкерілген ой ғана оны бір сәтке селт еткізіп, кітап 
бетін ашқызар... Ылайым солай болса, бұл іспетті тіл де 
сын өнерінің қоржынына салынған бір олжа болар еді. 
Автор Серік Асылбекұлының ауыл жайлы шығарма-
ларын тұтастықта алып, қадау-қадау шеберліктерін сөз 
етеді. Автордың айтуынша, жазушы қауіп еткен жай-
дың бірі – «қасиет дарыған ауыл дейтін үлкен дүниенің 
замана желінің екпінінде біртіндеп болмысын өзгерте 
бастағаны..». «Эх, Россия» әңгімесінде «ауылды әлі та-
лай кеп күтіп тұрғанын» жаны ауыра жазғанын айтып, 
оның нағыз жазушыға тән азаматтық қасиетін әспет-
тейді. 
Жазушының «Қоңыртаудың басында бір түп жусан» 
әңгімесіндегі пейзаждың психологиялық функциясына, 
деталь беру ерекшеліктерін зерделейді. «Баяндауға су-
рет дарытып жазудың классикалық үрдісін қолайлылау 
көретін» Серік Асылбекұлының оқырманмен комму-
никациясының тығыздығын өз сезімдері арқылы сал-
мақтайды. Серік Асылбекұлы шығармаларында ауыл 
мұғалімі бейнесі жаңғыра, толыға түскені де сыншы 
назарына ілікпей қалған жоқ. Жазушының драматургия 
жанрындағы табыстарын «әңгіме, повестерінде өмір 
көріністерін, қилы құбылыстарды қанық, нақты бейне-
леу, суретпен баяндау ерекшеліктерімен» сабақтастыра-
ды. Серік Асылбекұлы қаламгерлік жолды таңдауының 
сырын: «Адамға араша тұру бағытындағы балаң тал-
пыныс бірте-бірте оның ғұмырлық мұратына ұласқан. 
Шекспир өз заманында көп құбылысқа ықпал ете алды. 
Толстой да солай. Демек, әу баста жаратқан Иенің өзі 
ұлы міндет артқан киелі Сөз, Сөз өнерінің мүмкіндігі 
зор деп түйді. Серік Асылбекұлы адамға жандауа бола-
тын, оны ізгілікке бағыттайтын, туралық пен тазалыққа 
тартатын жазушылық кәсіпті осылайша таңдаған»,-деп 
түйеді. Сын мақалада жазушының азаматтық, кісілік, 
отбасындағы ерен қасиеттері шығармашылық тұлғасы-
мен тұтастықта танылады. Автор «кейіпкерінің» бақыт 
туралы философиясын сөз ете келіп: «Біреулер сол Ба-
қытты айла салып, амал жасап қуар еді. Енді біреулерді 
сол бақыттың өзі іздеп келеді. Ниет, жүрегіне, пиғыл, 
пайымына келіп қонақтайды.», – дейді. 
Қанипаш Қайсақызының әдеби сын мақалаларынан 
танылатын тағы бір ерекшелігі – жекелеген ақын-жазу-
шылардың шығармашылығын әдеби процеспен өзектес 
қарастыратындығы. Мысалы: «XX ғасырдың өн бойын-
да қазақ прозасы қилы көркемдік бағытты бағындырды. 
Жазу өнерінің даму үдерісі аса бір қарқын алған тұстар 
болды. Ұлттық болмысы қанық, әлемдік өріске ұмтыл-
ған шеберлік мектептер қалыптасып дамыды. Қашан-
нан сөзге ынтық, сусап отыратын қазақ дейтін қалың 


182
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет