Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет60/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
207
көре бастайды. «Адамның кейбір сәттері» мақаласын-
да жас жазушылар Ж. Кеттебеков, С. Асылбеков, М. 
Асылғазин әңгімелері туралы пікірлерін жас сыншы 
Қ. Мәдібай: «Серік те, Мейрам да, Жәлел де адам бо-
йындағы тіршілікті сезіну, сүю құдіретінің құпиялары-
на бойлауды, бойлатуды көбірек қалайды. Қарапайым 
«кішкентай» адамдардың тағдырмен тайталасын көр-
сетеді. Жәлел әңгімелерінде оқиға жоқ, тек диалогқа 
құрылған. «Сағыныш» әңгімесінен Сайын, Қажығали, 
Тынымбай мәнері танылады. Адам жанын зерттеу жағы 
әлі жетіспей жатыр.»,-деп тұжырымдайды. Бұдан өзге 
де адам жаны проблематикасына, жаңғыру, жарылу 
проблемасына, формалық ізденістерге, стильге қатыс-
ты соны пікірлер айтады. Сол кездің өлшемімен өзі де 
жас саналатын Қанипаш«Асыл арман арзандамасын» 
атты мақаласында жас сыншылар мен жас жазушылар 
туралы батыл ой-пікірлер өрбітіп, көркемдік құпиясын 
ерте танығанын аңғартады.
Қанипаш Мәдібай «Атың адам болған соң...» (1983) 
мақаласында жазушы Н. Қазыбековтің «Ағайын» атты 
повестер мен әңгімелер жинағындағы ізгілік, адам-
гершілік мәселесі, таныс-бейтаныс жайы сөз болады. 
Кемшілігін көп ашқанмен, әңгімелері көңіл толтыра-
тындығын айтады. Ал, повестерін әлі де пісіре түсуді 
ескертеді. Бұл кезеңде өзі де қалыптасу үстіндегі жас 
сыншының албырт ойларына аға толқын аса алаңдама-
са да, алмастың жүзіндей жарқ ете қалған пікірі еріксіз 
ес жиғызғандай еді.
«Жылаған теңіз жоқшысы» мақаласында Қанипаш 
Мәдібай 80-жылдар әдебиетіндегі теңіз тақырыбын 
тілге тиек етеді. Сол кезеңдегі жас жазушы саналған 
Қуаныш Жиенбаевтың 1982-89 жылдар арасындағы 
жарияланған «Жалғыз желкен», «Теңіздегі бір там-
шы», «Құлан жанарындағы ғұмыр» жинақтарын тал-
қыға салады.Д. Әшімхановтың «Аққабаның толқыны» 
тұңғыш жинағы туралы «Шындық жолы шырғалаң»(«-
Қазақ әдебиеті», 1988) деген атпен шымыр ойға құ-
рылған сын мақаласын жазады. Ал, «Өмір мен көркем 
шындықтың арасы» (1990) деген мақаласында белгілі 
жазушы Молдахмет Қаназовтың әдеби бәйге иеленген 
«Чика –Дабылдың баласы» повесінің көркемдік сипат-
тары ашылады. Сондай-ақ, Қанипаш Мәдібай«Өмір 
талабы-уақытпен үндестік» (1987) мақаласында Д. 
Әшімханов, М. Қожахметова, М. Құлкенов сияқты жа-
зушылардың әңгімелерін, «Таутұғыр» (1990) аталатын 
мақаласында жазушы-сыншы Тұрлыбек Мәмесейітов-
тың «Түсіме тау кіреді» деген прозалық жинағынсыни 
тұрғыдан бағалайды.Осылайшы сыншылық қарымы 
қатайған Қ. Мәдібай проза мен поэзияға қатыстыжүзде-
ген әдеби сын мақаларды дер кезінде жазып, жариялап 
отырады. 
1990 жылдан бастап баспа ісіндегі мол тәжірибесімен 
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне 
оқытушылық қызметке келеді. 1995 жылы «Зар заман 
ағымы және Шортанбай Қанайұлының әдеби мұрасы» 
деген тақырыпта кандидаттық диссертация, 2006 жылы 
«Қазақ әдебиетінің XIX ғасырдағы көркемдік дамуы 
және зерттелуі» деген тақырыпта докторлық диссерта-
ция қорғайды. Алайда, филология ғылымдарының док-
торы, профессорҚанипаш Қайсақызы Мәдібай ғылыми 
жұмыстармен айналысып, ұстаздық ете жүріп,әдеби 
сынға араласуын тоқтатпайды. Әдебиет-оның қашан-
нан сүйікті ісі. Қытай философы Цао-Пи де: «Әдебиет-
мемлекеттік іс» деген екен. Расында, ғылымды қанша 


208
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
209
оқып-тоқығанымен табиғатынан дарыған сөз өнеріне 
деген өміршең сүйіспеншілігі өнер өрісіне бастағаны 
ма..
Ғылыми еңбектерімен қоса әдеби-сын мақалалары-
ның да легі толастар емес.«Адам іздеген Бақыт» (2012)
деген мақаласында жазушы-драматург, сыншы Серік 
Асылбекұлының қырық жылдан бергі шығармашы-
лық еңбегі туралы сын-толғамдарын тұжырымдайды. 
Жазушының қаламгерлік қасиеті жайлы: «Тіршіліктің 
мың-сан әуені бұғып жатқан бұла дарынды түртіп оя-
тып, жаны тыншымай жазуды бастаған» дейді. Жансыз, 
дерексіз құбылыстарға жан бітіре суреттеген сыншы-
ны осындай тұстарда өзі кейіптеген жазушының жан 
әлемімен тұтастыра танисың. Сірә да, бұл оның жазу-
шылық өнердің қыр-сырын жетік біліп, оқып-тоқып, 
зерттегенінен емес, өз бойында да бір күштің бұғып 
жатқаны ма деп қаласың? Ол Қ. Мәдібайдың тағы да 
өнермен өрелес түсіп жататын сыншылық қыры демес-
ке болмайды.. Осы мақаласында өзі де: «Оқу-тоқу, үй-
рену-еліктеу деген бойда қуат болмаса – бос сөз» деп 
Серік «кейіпкеріне» қаратып айтқанымен, автордың өз 
болмысын да көреміз. 
Қ. Мәдібайдың әдеби-сын мақалаларының тағы бір 
таңдаулысы «Айтматов шолған қиырлар» (2012) деп 
аталады.Қысқаша қайырып айтсақ, сыншы мақалада: 
«Адам атты жан иесінің әкетіп бара жатқан артық-
шылық туралы осал ұғымдары бар. Артықшылықтың 
асып-тасыған барлықпен, аспандатып еліктіретін атақ-
даңқпен, биіктен төмен астамси қарайтын билікпен өл-
шенетін өлшемдері болмаса керек. Артықшылық–Ал-
ладан, жаратылыстан дарыған адамдық ұстанымдарда. 
Бұл–Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығындағы 
алдамайтын айқын, мөлдір ағыстардың бірі»,-деп жазу-
шы шығармашылығындағы адамгершілік ұстанымның 
аса тегеуірінді көркемдік әлеуетін пайымдайды.Рас, 
әлемге мәшһүр болған Айтматовтың қандай мәселені 
де әлемдік көркемдік кеңістікке алып шығатыны бұрын 
да сан мәрте айтылып-жазылғанмен, оныҚанипаш Қай-
сақызыныңөзіндік көру нүктесінен танып, сыни тол-
ғам-тоқтамдарын оқырманын ой орманына енгізетін 
философиялық астары қалың тынысты тілімен тербете 
алуы да сын өрісіндегі өзгеше беталысты байқатады.
Әдеби сын саласында өзін-өзі шыңдаумен ешбір ты-
нымсыз оқып-тоқып, тоқтаусыз ізденіс үстінде жүрсе 
де, өзі жастайынан ынтыға оқыған шетел әдебиетіне 
тіс батыруға батылы да бара қоймады, ары да жол бере 
қоймады. Десе де, «Мәдени мұра» бағдарламасы бо-
йынша Теодор Драйзердің «Сестра Керриін», ағылшын 
классик жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Р. 
Киплингтің «Шағын ертегілерін» қазақшаға сәтті ау-
дарған деуге болады.
Қазіргі ғалымдық-ұстаздық, сыншылық қарым-қабі-
леті толысқан шағында «Қазақ романының көркемдік 
өрісі» (2013) аталатын компаративистік талдауға құ-
рылған әдеби сын мақаласын «жазбасқа шарасы қалма-
ған сәтінде» ғана қолына қалам ұстаса керек. Өзі жаста-
йынан бас алмай оқыған Бальзагы екен.. Мақала авторы 
Оноре де Бальзак жайын бүге-шігесіне дейін білетінге 
ұқсайды. Бальзакты зерттеген Пьер Барберистің де ең-
бегімен таныс екенін аңғартады. Бальзакты ірі реалист 
деп танитын әдебиеттанушы ғалым Қ. Мәдібай: «Баль-
закты сіңіру үшін оның стиліне ден қою керек. Бальзак 
құйылған қорғасындай зілді сөз қолданыстарға бейім, 
ол сөздің сөлін сезініп отырып жазады...» (қысқартып 


210
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет